Соңғы жаңалықтар

№101 (8812) 24

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Ел шаңырағын ер көтерер

Ел шаңырағын ер көтерер


Биыл Мемлекеттік Рәміздердің қабылданғанына 30 жыл. Оның үстіне Елтаңба авторы, біздің жерлесіміз Жандарбек Мәлібеков ағамыз 80 жасқа толып отыр.


«Ұлан-ғайыр атырап, Ертіс пен Еділ­дің, Арқа мен Алатаудың арасы қазақ­тың алтын бесігі, атажұрты. Әгәрәки кімде-кім осынау қасиетті жерімізге көз алартып, шырқын бұзар болса өз қанына өзін тұншықтырарымызды біліп қойғаны жөн. Төсекте басы қосылмаса да, төскейде малымыз қосылған қай жұртқа да айтарымыз осы.
Дос болғанға құшақ ашар туыспыз, қас қылғанға қиып түсер қылышпыз». Қазақтың ханы Абылай осылай деген.
Қазақтың алғашқы мемлекеттік ас­танасы Сығанақта қоныс тепті. Міне сондықтан, Тәуелсіз Қазақстанның алғашқы Елтаңба авторы Мәлібеков Жандарбектің де осы қасиетті топы­рақтың ұланы екені заңдылық сияқты.
Үлкен мақсатқа ұмтылу өмірге құш­тарлықтан басталады.
Елтаңба бейнесі қалай дүниеге келді?
Қазақ халқын осы деңгейге жеткізген, өмір тіршілігіне тіреу болған ең үлкен құндылығы – киіз үй. Сондықтан алты қанат үйдің мүсіні Елтаңбаның басты эскизі ретінде алынды. Ол біздің тұтастығымызды білдіреді. Оның 72 уығы болады. Желбаудың екі жақта бейнеленуі қазақта босағаң берік болсын, керегең кең болсын деген ұлағатты ұғымнан туған.
Елтаңба – тарихи көне Ұлы Даланың архитектуралық тұлғасы.
Жас отанды қорғауымыз керек. Соның ішінде үлкен буын, орташа буын, жас буынды біріктіретін омыртқа бейнеленген. Тәуелсіздік алған соң ата-баба жолын жалғастырушы жастар­ды тұлпардың егеріне орналастыруды көздеудің мәні мынада: Атсыз қазақ өзін елестете алмайды, олар тұлпарға отырғанда өзін қанатты құсқа теңейді.
Шежіреміз шексіз, жеті сақина – жеті ата ұғымынан туды. Қошқар мүйізді ұстын босағамызды берік ұстап тұрған күшті білдіреді. Ал басқұрлар дүниенің тепе-теңдігін білдіреді. Бесбұрышты жұлдыз тұрған себебі, әркімнің өз жұлдызы болады. Тәуелсіздіктің де жұлдызы жарқырап тұр. Елтаңбада 10-нан астам элемент бар екен. Оның әрбірі айрықша мәнге ие.
Бүгінде Жандарбек Мәлібековтың есімі жалпақ елге танымал тұлға болғанымен, Екпінді топырағының пер­зенті ретінде ерекше жақын тұтып, мәртебесін асырып, ауылға әр келген сайын мерейіміз бір көтеріліп қалатыны жасырын емес.
75 жасқа толғанында Елтаңба ав­торы Жандарбек Мәлібеков ағамыз туған ауылына келіп, жүрекжарды қа­сиетті туындысы – Елтаңбаның үлгісін (макетін) көпшілік алдында ауыл әкімі Қайрат Қожамжаровқа тапсырып кетті.
Біз бала кезімізден Жандарбекпен тел өстік. Әкесі теміржолшы еді. Жол қараушы болып жұмыс атқарды.
Ол кісі менен 9 жас үлкен. Ауылдағы ата-анасын жетік білемін. Аралас-құ­ралас бірге тұрдық. Айдар деген інісі бар еді, ата-анасы осы ұлдарының қолын­да болды.
Теміржолдан пойыз көп өтеді. Бізге ол керемет таңсық. Шойынжол – жастық шағымыздың ескерткіші еді.
Жандарбек Ташкентте оқыды. Сол жақта қалып, еңбек жолын бастады. Өзбекстанның астанасында сол жылдары жер сілкініп, жаңадан салынған қала құрылысының көпшілігінің авторы осы Жандарбек болды.
Елге, жерге деген сүйіспеншіліктің арқасында ол Елтаңбаның эскизін жа­сап шықты. Елбасының назары осы Жандарбектің қолтаңбасына түсті. Осы сәтте оның Өзбекстан азаматы бол­ғандығы үшін жергілікті азаматты қо­салқы автор ретінде қосу ұсынылғанда Шота-Аман Уәлиханов таңдалды.
Жандарбек 73-ке келген мүшел жа­сында Астанадағы үйінде құран оқытты. Аманбай екеуміз арнайы барған едік, «Ауылдың иісін алып келдіңдер ғой» деп мәре-сәре болып қуанды.
Өте қарапайым, кішіпейіл азамат қой, арқа-жарқа қуанып, иығымызға шапан-шаттығын жауып, құрметтеп күтті.

Сайлаухан ЖАРТЫБАЕВ,
ардагер ұстаз.




10 наурыз 2022 ж. 429 0