№93 (8804) 23

23 қараша 2024 ж.

№92 (8803) 19

19 қараша 2024 ж.

№91 (8802) 16

16 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
» » Денсаулық сақтау министрлігі Pfizer салдыра алатындар санатының көбейгенін мәлімдеді

Денсаулық сақтау министрлігі Pfizer салдыра алатындар санатының көбейгенін мәлімдеді



ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі – бас мемлекеттік санитар дәрігері Айжан Есмағамбетова ревакцинация кезінде Pfizer вакцинасын салдыра алатын адамдарды біртіндеп арттыру туралы айтты, деп хабарлайды Stan.kz.
Бас кезінде Pfizer-ді жүкті және бала емізетін әйелдер, сондай-ақ, 12-18 жастағы балаларға салдыруға рұқсат берген. Артынан оларға 60 жастан асқан адамдар қосылды. Ал өткен аптада ведомствоаралық комиссия 50 жастан асқан және мүмкіндігі шектеулі азаматтарға америкалық вакцинамен ревакцинация жасауға рұқсат берді.
Айжан Есмағамбетованың айтуынша, денсаулық сақтау министрлігі адамдардың ревакцинациядан өтуі мен ұжымдық иммунитетті барынша көтеруге мүдделі. Сол себепті Pfizer вакцинасын салдыра алатын адамдар санаттары біртіндеп артып келеді.
«Бұрын 60-тан асқандар, алса, қазір елуден асқандар үшін қолжетімді. Осы жұмыс елдегі эпидемиологиялық жағдайға қарай біртіндеп атқарылып жатыр», – деді Есмағамбетова шектеу шараларын жеңілдетуге арналған онлайн-лекторий кезінде.Айта кетері, бұған дейін денсаулық сақтау вице-министрі Жандос Бүркітбаев коронавирусқа қарсы Pfizer вакцинасы ақылы түрде салынбайтынын айтқан. Себебі Pfizer бізге ақылы вакциналауға рұқсат бермей отыр.
Компания екпені алып сату жағдайлары көбейіп кетеді деп санайды. Сол себепті денсаулық сақтау министрлігі мен Pfizer компаниясы арасындағы келісімшарт бойынша жанама алып сатуға тыйым салынған.
21 ақпан 2022 ж. 256 0