№35 (8746) 4

04 мамыр 2024 ж.

№34 (8745) 30

30 сәуір 2024 ж.

№33 (8744) 27

27 сәуір 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031 
» » Гранттық жобаларды қалай ұтып алуға болады?

Гранттық жобаларды қалай ұтып алуға болады?


Қазіргі күні ұтымды идея табылса, қаржы өздігінен құйылатынына күмән жоқ. Алайда жақсы бастама болғанымен ХХІ ғасыр жаһандану заманында жаңаша технологиялар мен бағдарламаларды игеру және алғашқы қадамдарды жасау жеке тұлға үшін оңайға соқпасы анық. Осы орайда, 3 жылдан аса тәжірибесі бар, “Golden Qazaqstan” жастар қоғамдық бірлестігінің төрағасы Бақытбек Кенжебекұлы гранттық жобаларды жеңіп алу, жеке тұлғаның бағдарлама барысындағы алғашқы қадамдары және жоба жоспарын сауатты толтыру барысын ашып көрсетіп, өз тәжірибесімен бөлісті.

«Әр жобаның өзіндік ерекшеліктері бар, дегенмен өз қабілетін шыңдағысы келетін жастарға жан-жақты дамуы жолында, соның ішінде жоба жазу формуласын білгені жөн деп санаймын. Республика көлемінде гранттық жобаларға қатысушылар Қызылорда облысынан саусақпен санарлық. Осы жайтты ескере отырып, өңір жастарына жоба дайындауды, идеяны жетілдіруді және оны ұсынып, грант ұтып алудың жолдарымен бөліскенді құп көрдім», – дейді Бақытбек Кенжебек.Мәселен мемлекет қолдау ретінде өткен жылы ауылдық жерлердегі өмірді жақсартуға бағытталған азаматтық бастамаларды дамыту үшін бүкіл ел бойынша 60 шағын грант іске асырылған болатын. Ал осы бөлінген гранттардың бірін Қызылорда облысы, Жалағаш ауданы, М.Шәменов атындағы ауылының жастары Сәтбай Серәліұлы, Исатай Ербатыр, Нарбота Серәлі жеңіп алған болатын. Осылайша жастар бүгінгі күні ауыл тұрғындарын «Салауатты ауыл» атты жаңа спорт орталығымен қамтасыз етіп отыр.
Кездесу барысында гранттық жобалардың жоспарын түрлі, тиімді әдістері арқылы түсіндірген Бақытбек Кенжебек бөлінген гранттарды ел игіліне пайланатын жастардың саны артқанын қалайтынын жеткізді.
«Жалпы гранттық жобаларға өз ерік-жігерімен шынайы қатысып, грант иегері атанған жастарды мен бәсекелес деп айта алмаймын, себебі қазіргі қоғамдағы жастардың дамуы мен үшін үлкен мәртебе, ерекше қуаныш деп білемін», – деді Бақытбек Кенжебек.
11 ақпан 2022 ж. 213 0