№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Гүлшара Әбдіқалықова: Су көлемінің жеткілікті деңгейде болмауы мені де алаңдатады

Гүлшара Әбдіқалықова: Су көлемінің жеткілікті деңгейде болмауы мені де алаңдатады


Қызылорда облысының әкімі Гүлшара Әбдіқалықова Сырдария өзеніндегі су көлемі бүгінгі күннің өзекті мәселесі екенін айтты.
 Бұл туралы аймақ басшысы «Facebook» парақшасында жазды.
Қадірлі сырбойылықтар! Бүгінгі күні өңіріміз үшін ең өзекті мәселе суға қатысты екені белгілі. Сыр перзенті ретінде Сырдариядағы су көлемінің жеткілікті деңгейде болмауы мені де алаңдатады. Бұл ретте бірлескен шешімдерді қабылдау күн тәртібінен бірде-бір түскен емес.
Осы аптада ҚР Премьер-министрі Әлихан Смайыловтың төрағалығымен өткен жиында су деңгейінің мәселесі қаралып, өз тарапымыздан өңірдегі су тапшылығына қатысты ұсыныстарымызды жеткіздік. Осы мақсатта ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігімен бірге әзірленген өңірлік Жол картасы пысықталды.
Үкімет басшысы алда Өзбекстан Республикасында өтетін Үкіметаралық жиында Сырдария өзенінің төменгі ағысына су жіберу көлемін ұлғайту мәселесі бойынша өзара келіссөздер жүргізетін болады.
Сонымен бірге, кеше облысымызға арнайы іссапармен келген ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар вице-министрі Серік Қожаниязов, «Қазсушар» республикалық коммуналдық кәсіпорнының бас директоры Алтай Елжасовпен кездестім.
Алдағы уақытта арнайы штаб құрып, су тапшылығынан шығуға қажетті қадамдарды бірлесе іске асырамыз. Осы ретте шаруалар түсіністік танытып, суды үнемдеп пайдаланудың технологияларын енгізуге көшуі керек. Әр 10 күн сайын ахуал сараланып отырады. Бұл мәселе менің жіті бақылауымда.
07 ақпан 2022 ж. 270 0