№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Елдегі тәртіпсіздіктер кезінде 164 адам көз жұмды - ДСМ

Елдегі тәртіпсіздіктер кезінде 164 адам көз жұмды - ДСМ


Денсаулық сақтау министрлігі осындай мәлімет ұсынды.
Бүгінге дейін 2000-нан астам адам медициналық көмекке жүгінген. Оның көбі Алматыдан – 1100, Алматы облысынан – 300, Жамбыл және Қызылорда облыстарында 200 адамнан дәрігер көмегіне жүгінген. Бүгінде 719 адам стационарлық ем қабылдап жатыр.

Соңғы мәлімет бойынша, 83 адам ауыр жағдайда. Еске салсақ, қайтыс болғандардың арасында кәмелетке толмаған балалар да бар.
Қазақстан бойынша Қазақстан Республикасының Балалар құқығы жөніндегі уәкілі Аружан Саин 11 жастағы және 4 жасар баланың қайтыс болғанын, 15-тегі жасөспірімнің жараланғанын мәлім еткен болатын.
«Бүгін Алматыдағы жаппай тәртіпсіздіктер кезінде 4 жасар баланың оқ тиіп көз жұмғаны туралы ақпараттың нақтылығын сұрап хабарласқан адамдар көп болды. Сондықтан мен түрлі ақпарат көздеріне хабарласып, оқиғаның мән-жайын білдім. 7 қаңтар күні Сейфуллин көшесінің бойымен келе жатқан машинаға оқ атылған. Көлікте үлкендермен болған балаға оқ тиып, көз жұмған. Сондықтан барлық ата-аналарға, алматылықтарға барынша сақ болу керектігін ескерткім келеді. Балаларыңызды қараусыз, жалғыз қалдырмаңыздар», деді Аружан Саин.
10 қаңтар 2022 ж. 351 0