№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Гүлшара Әбдіқалықова: Елдің бірлігін, қоғамның тұтастығы мен тұрақтылығын сақтауда имамдардың еңбегі зор

Гүлшара Әбдіқалықова: Елдің бірлігін, қоғамның тұтастығы мен тұрақтылығын сақтауда имамдардың еңбегі зор


Бүгін облыс әкімі Гүлшара Әбдіқалықова ҚМДБ-ның облыстағы өкілі, «Ақмешіт-Сырдария» орталық мешітінің бас имамы Болатбек Әбуовпен кездесіп, атқарылған жұмыстардың есебін тыңдады. Басқосуға облыс әкімінің орынбасары Серік Ахмет пен бірқатар басқарма басшылары қатысты.
Кездесуде облыс әкімі Тәуелсіздік жылдары атқарылғанын жұмыстарды атап өтіп, діни ахуалды тұрақты ұстау бағытында алдағы міндеттер туралы ой бөлісті.
«Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдық мерейтойымен барша мұсылман қауымын құттықтаймын. Облыс тұрғындарының, оның ішінде мұсылман жамағатына діни-руханияттық тұрғыда жетекшілік жасап, егемен ел қоғамының тұрақтылығын сақтаудағы еңбектеріңізді жақсы білеміз. Өздеріңізге белгілі егемен еліміздің Тұңғыш Президенті-Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Елдіктің жеті тұғыры» атты қағидаттар жиынтығында Тәуелсіздіктің мән-маңызы мен қадір-қасиетін барынша ашып көрсетті. Ең бастысы Елбасымыз мақсат тұтқан мықты әрі жауапкершілігі жоғары Біртұтас Ұлт болу жолында отбасы мен салт-дәстүрді – қоғамның алтын діңгегі, ұлттық мәдениетті – халқымыздың рухани тірегі, білім мен еңбекті – бақуатты өмірдің кілті етуде Мұсылмандар діни басқармасының облыстағы өкілдігі Өзіңіздің жетекшілігіңізбен қалыптасқан үрдістердің жаңарған, жаңғырған үлгісін енгізіп, бұдан да зор жетістіктерге жетеді деп сенеміз. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев атағандай, ғасырға татитын азаттық жылнамасының тұтас дәуірін тарих қойнауына құрметпен шығарып салып, мемлекеттігімізді одан әрі нығайтып, халқымыздың әл-ауқатын арттыра түсуге жаңа міндеттерді айқындайтын төртінші онжылдық бастауынан үлкен үміт күтеміз», – деді Гүлшара Әбдіқалықова.Кездесу барысында ҚМДБ-ның облыстағы өкілі, «Ақмешіт-Сырдария» орталық мешітінің бас имамы Болатбек Әбуов өңірде діни ахуал тұрақты екенін тілге тиек етіп, қайырымдылық шараларын өткізу, ақпараттық насихат жұмыстарын жүргізу бағытында бір жыл ішіндегі жасалған жұмыстарды тізбеледі. Мәселен, қайырымдылық бағытта «Ел үлесі-пәтерге» жобасы аясында 11 пәтер беріліп, «Үміт сыйла сәбиге» жобасы арқылы 48 отбасы жәрдем алып, 28 іс-шара атқарылған. Ал, «Тайқазан», «Берекелі Рамазан сыйы» жобасы негізінде 4 256 отбасы азық-түліктен көмек алған. Жалпы әлеуметтік сипаттағы осындай жобалар арқылы 3 мыңға жуық отбасыға жәрдем берілген.
Қабылдау соңында облыс әкімі Болатбек Әбуовке соңғы кездері індеттің жаңа вирустық штамдарының пайда болуына байланысты мешітке келетін жамағаттардың жұма намазы уақытында қауіпсіздіктік және ара-қашықтық сақтау мәселелеріне жете мән беру қажеттігін қаперге салды.
Айта кету керек, тәуелсіздік алған жылдардағы өңіріміздегі 14 мешіт саны 179-ға жетті.
31 желтоқсан 2021 ж. 231 0