№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » ЖЕМҚОРЛЫҚПЕН КҮРЕС – ОРТАҚ ДҮНИЕ

ЖЕМҚОРЛЫҚПЕН КҮРЕС – ОРТАҚ ДҮНИЕ


Жең ұшынан жалғасқан жемқорлық ұлттық қауіпсіздікке қатер төндіретінін Елбасы үнемі ескертіп келеді. Осыған орай, елде 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес стратегиясы бекітілді. Стратегия аясында республикалық арнайы мониторингтік топ құрылған болатын. Тұрақты жұмыс істейтін консультативті-кеңесші орган ретінде құрылған топтың мақсаты – шалғай елді мекендерді аралап, жергілікті халықпен кездесулер ұйымдастыру. Оған қоғамдық өзгерістердің ақиқатын бүкпесіз айта білетін азаматтар мүше. Жуырда осындай белсенді өкілдерден құралған топ Сыр өңіріне арнайы келді.
Ең алдымен облыс орталығындағы №3 емханада болып, көрсетілетін қызметтердің сапасына қатысты халықтың пікірін тыңдады. ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің қоғаммен байланыс департаментінің директоры Арман Бердалин де өз кезегінде мемлекеттік органдардағы процестерді, яғни халықпен қарым-қатынасты цифрландырудың маңыздылығы жоғары екенін айтты.
Келесі кезекте топ мүшелері Ә.Тәжібаев атындағы кітапханада орналасқан заманауи ІТ парк қызметіне қанықты. Өз кезегінде ақпараттық технологияларды дамыту жөніндегі облыс әкімі аппараты басшысының орынбасары Индира Ақжігітованың айтуынша, ІТ парк түрлі лабораториялық симулятор, 2D, 3D графикалық жобаларды әзірлеу мен ақпараттық-бағдарламалық өнімдер жасап шығаруға және салаларды автоматтандыруға жол ашады.
Одан кейін кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығы болды. Мұнда орталық директоры Қамар Бекетова келушілерді атқарылған ауқымды істермен, көрсетілетін қызмет түрлерімен таныстырды. Ал, «Атамекен» ҰКП Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар, білім беру және инновация Комитетінің төрағасы Мұрат Әбенов бизнес өкілдерінің мектепке дейінгі білім беру ұйымдарына мемлекет тарапынан төленетін субсидияға қатысты қалыптасқан проблемаларын, жылу есептегіш құралдарына қатысты мәселелерін тыңдады.
Сондай-ақ бұл шаралар облыс әкімдігіндегі жиынға ұласты. Облыстың мемлекеттік қызметшілерімен және Әдеп жөніндегі уәкілдерімен кездесу барысында Айгүл Соловьева аймақта оң нәтижелер бар екенін атап өтті. Дегенмен, шаруаны ширата түсу керектігін, жемқорлықпен күрес – ортақ дүние екенін қаперден шығармауға шақырды.
***
Келесі күні топ мүшелері Байқоңыр қаласына сапар шекті. Марафон Сырдария ауданында қорытындыланды. Шара аясында С.Сейфуллин ауылынан Тереңөзек кентіне дейін 100 адамнан құралған велошеру өткізілді. Салтанатты шарада марафон туы Шиелі ауданына табысталды.

Мөлдір ҚАЛЫМБЕТ.
24 сәуір 2018 ж. 972 0