№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Жылдың суық мезгілінде жүргізуші аса мұқият болу керек!

Жылдың суық мезгілінде жүргізуші аса мұқият болу керек!

  Қыс – көлік жүргізушілері үшін қиын мезгіл. Тәжірибелілер үшін әрине, оңайырақ, себебі олар көлікті көп жүргізген,әр түрлі жолдармен жүріп көрген. Ал, тізгінге жаңа отырғандар барынша сақ болғаны абзал. Жылдың суық мезгілінде жүргізуші аса мұқият болмаса, көктайғақ немесе қар басып қалған жолда үлкен қиындықтарға тап болуы әбден мүмкін.


  Қыстық шина – жаздық шинаға қарағанда әлдеқайда пайдалы. Сондықтан көлікке қыстық шиналарды уақытылы салыңыз. Сонымен қатар, қозғалтқышқа антифриз секілді қатпайтын май құю мен жарық құралдарының барлығының жұмыс істеуі өте маңызды.

  Тікенді доңғалақтар да тайғақ жолда өте пайдалы, бірақ таза асфальтта (әдетте оны қалааралық жолдарда жүретіндер көп пайдаланады) ол өз артықшылықтарын жоғалтады және көліктің дұрыс жүруінде ерекше рөл атқара алмайды.

   Қозғалысты бастағанда «сцепление» педалін өте мұқият босатып, газды баяу басу керек. Бұл ережені тек қарлы немесе көктайғақ жолда ғана емес, таза болып көрінетін жолдарда да сақтаған дұрыс, өйткені қыста мұз қабаты көп жерде жиі пайда болады.

   Ешқандай артық қимыл жасамаңыз! Көліктің тікенді дөңгелектеріне сеніп артық іс жасамаған дұрыс. «Газды» бірден қатты басу туралы кем дегенде көктемге дейін ұмытыңыз. Сондай-ақ, көктайғақ жолда тежегішті байыппен бірнеше рет басу (басып-жіберіп, басып-жіберіп) керек.

  Тұрақта көлікті басқа көліктерге өте жақын қою қажет емес, өйткені қозғалу кезінде сіздің көлігіңіз жан-жаққа тайып, жанында тұрған көлікке соғылуы мүмкін.

   Қалың қардан да шығу оңай емес. Ал қалың қарға тұрып қалсаңыз, жаныңыздан көмекшілер байқалмаса, ешқандай көмексіз шығуға болады. Тек газды түбіне дейін басудың қажеті жоқ! Олай істесеңіз, доңғалақтардың асты қазылып, көлік одан сайын қарға «байлана» береді. Қар құрсауынан шығу үшін: газ педалін басыңыз, қайта босатыңыз, содан кейін «сцеплениені» басыңыз, қайтадан газды басып «сцеплениені» жіберіп қалыңыз және шыққанша қайталауға болады. Тәжірибелі жүргізушілер осылайша қалың қардан шығып кетіп жатады.

   Ара-қашықтықты сақтау!

  Бұл кеңес тежегішті қатты баспау және өзге көлікті соқпау үшін айтылып отыр.
Қауіпсіздік белдіктерін міндетті түрде тағу керек! Бұл қарапайым кеңес Сіздің өміріңізді құтқара алады! Сондай-ақ, көп адам тағуға ерінетін бұл нәрсе жыл бойы өзектілігін жоймайды. Дегенмен, қыста қауіпсіздік белдіктері көлікте болған әрбір адамның нағыз «сақтаушылары» болып есептеледі. Себебі статистикаға сәйкес, қыста апат саны бірнеше есеге артады екен.

    Үлкен жылдамдықпен бұрылмаңыз. Себебі көлігіңізде жақсы шина бар деп «қыспен әзілдесу» өте қауіпті. Кез келген жерде газ бен тежегішті қоса басып отырып, аз жылдамдықпен бұрылу керек. Мұндай ұқыпты бұрылу қауіпсіздігіңізге кепілдік береді.

   Қыста жылдамдықты тежеген жақсы. Бірақ, газды бірден жіберуге болмайды, әйтпесе көлік қар құрсауында қалуы мүмкін. Сондай-ақ, тежегіштің де жанын шығарып басуға болмайды – жолда сырғанау өте қауіпті.

   Ең маңызды кеңес – жолда өзіңізді дұрыс ұстау. Мұндай тәртіпті сақтау соқтығысуға, өзге жүргізушілердің және жаяу жүргіншілердің зардап шегуіне жол бермейді.

  Міне, біз Сіздерге осындай кеңестер береміз және оларды елеусіз қалдырмайды деп үміттенеміз. Жолда сақ болыңыз және сақ болыңыз! Сапарыңыз сәтті болсын!

Дайындаған: Б.Мейірханұлы.



04 желтоқсан 2018 ж. 1 157 0