№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » ОБЛЫСТА ЭПИДЕМИОЛОГИЯЛЫҚ АХУАЛ ТҰРАҚТЫ

ОБЛЫСТА ЭПИДЕМИОЛОГИЯЛЫҚ АХУАЛ ТҰРАҚТЫ


Өткен тәулікте облыста коронавирус инфекциясының 2 дерегі тіркелді. Екеуі де екпе алмаған адамдар арасында анықталды. Бұл туралы бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында облыстық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Әлия Әбдіқайымова мәлімдеді.

- Облыста эпидемиологиялық ахуал тұрақты. Дегенмен, сақтық шарасына бей-жай қарауға болмайды. Адам көп шоғырланған орындарда бетперделік режим мен әлеуметтік ара қашықтық сақталуы тиіс. Сондай-ақ, қазір тұмаудың эпид маусымы. Індет жұқтырып, иммунитетті әлсіретіп алмау қажет, - деді Әлия Мүтәліпқызы.
Коронавирустың жаңа «омикрон» штаммы да қауіп төндіруде. Ол бұрынғы штаммдарға қарағанда қауіптірек. Себебі бұған дейін төртінші толқынды тудырған «дельтаның» 13 мутациясы болса, ғалымдардың алдын ала болжамы бойынша «омикронның» 50 мутациясы анықталған. Бүгінде ауру белгілері күмәнді деген 11 адамның сынамасы тексеріске жіберілді. Омикронның басты симптомдары тұмау тәріздес белгілері болады.
Айта кету керек, Қызылорда облысы коронавирус инфекциясына қарсы вакцинациялау көрсеткіштері бойынша алғашқы бестікте. Бүгінгі күні вакциналардың 1-компонентімен екпе алғандар саны - 408 353 адам, бұл тиісті контингенттің 90,2% құрайды. 2-компонентпен 356 109 адам екпе алды, яғни тиісті контингенттің 78,7% қамтылды. Comirnaty (Pfizer) препаратымен де тиісті контингентті вакцинациялау қарқыны жаман емес. 2021 жылғы 7 желтоқсандағы мәліметтер бойынша барлығы 8 210 адам аталған вакцинаны алды. Оның ішінде 12-17 жас аралығындағы жасөспірімдер саны - 6672, жүкті әйелдер саны - 566 және лактация кезеңіндегі әйелдер саны – 972.
09 желтоқсан 2021 ж. 344 0