№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » » АЙМАҚТА ҮНДІ ШТАМЫ АНЫҚТАЛДЫ

АЙМАҚТА ҮНДІ ШТАМЫ АНЫҚТАЛДЫ

Республикаға жолданған 22 сынаманың 59 пайызынан, яғни 13-нен дельта штамы анықталды. Бұл туралы бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында облыстық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Әлия Әбдіқайымова мәлімдеді.

"Өңірде жағдай күрделеніп отыр. Өткен демалыс күндері республика көлемінде дельта штамы тасымалданғаны жайлы анықталған соң, барлық облыстардан сынама анализдер алынып, тексерілді. Бүгінгі түскен ақпарат бойынша барлық аймақта үнді штамы тіркелген. Оның ішінде 22 сынама жіберген Қызылорда облысында да анықталды", - деді Әлия Мүтәліпқызы.
Дельта штамм белгісі бар 1 науқас бір мезетте 5-6 адамға жұқтыра алады. Клиникалық белгілері де өзгелеріне қарағанда, небәрі 7 күн ішінде үдей түседі. Жұғу жылдамдығы 60 пайызға дейін. Сондықтан да өңірде шектеулер мен карантинтік шаралар күшейтілді. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымдарының мәлімдемесінде екпе егілгеннен кейінгі қалыптасатын иммунитет үнді штамына төтеп бере алады. Сондықтан, ең басты үмітіміз егу шараларына басымдық берілуі қажет, - деді департамент басшысының орынбасары Әлия Әбдіқайымова.
Айта кету керек, жыл басынан бері облыста 7230 коронавирусты инфекция тіркелген. Сәуір айында 1540 науқас тіркеліп, екінші толқын көтеріліп, басылды. Ал, маусым айының 16-нан кейін бір күнде 26 адам, сонан соң 49 жағдай тіркеліп, бүгінде карантиндік шаралар қатаңдатылды.
07 шілде 2021 ж. 1 032 0