№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » 22-қарашадан бастап өңірде ревакцинациялау басталады

22-қарашадан бастап өңірде ревакцинациялау басталады

Облыста соңғы тәулікте коронавиру синфекциясын жұқтырған 7 азамат тіркелді. Оның 6-сы індетке қарсы екпе алмағаны белгілі болды. Аталған жеті дерек бойынша 36 адам вирусжұқтырған адамдармен тығыз байланыста болғандығы анықталып, медициналық бақылауға алынды. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында облыстық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Әлия Әбдіқайымова мәлімдеді.


«Облыс көлемінде бүгінгі күнге дейін коронавирус індетін жұқтырған 19170 жағдай тіркелдіАуруға шалдыққандардың 70 пайызы клиникалық белгілерімен анықталған. Дегенмен, соңғы екі айда КВИ аурушаңдық деңгейі төмендеп келеді. Атап айтқанда, қыркүйек айында 1 125 жағдай анықталса, қазан айында 949 жағдай, ал қараша айының 15 күнінде 319 дерек тіркелді.
Айта кететін жәйт, ҚР Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің №49 қаулысына сәйкес, 22 қарашадан бастап КВИ-ге қарсы ревакцинациялау басталады. Бірінші кезекте медицина қызметкерлері, педагогтар, күшқұрылымдарының қызметкерлері және 60 жастан асқан адамдар ревакцинациялаудан өтетін болады», - деді Әлия Мүтәліпқызы.
18 қараша 2021 ж. 276 0