№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Партияның сайлау алдындағы міндеттемелері негізінен орындалды.

Партияның сайлау алдындағы міндеттемелері негізінен орындалды.



Nur Otan – Қазақстанның қарқынды дамып, өркендеуін мақсат тұтқан партия. Ол – еліміздегі жетекші саяси күш!
Nur Otan партиясының 2025 жылға дейінгі «Өзгерістер жолы: Әр азаматқа лайықты өмір!» атты сайлауалды бағдарламасы – біз қолға алған реформалардың заңды жалғасы
. Жаңа бағдарлама – аса ауқымды, бірақ нақты жоспарланған, қажетті ресурстармен қамтамасыз етілген мақсаттар мен бағдарлар жиынтығы. Біз елді жаңғырту мен барша қазақстандықтардың тұрмыс деңгейін арттыру бағдарын берік ұстанамыз.
Осы мақсатқа бағдарланған «Nur Otan» партиясы Жаңақорған ауданы филиалының сайлауалды бағдарламадан туындайтын міндеттемелерінің орындалу барысы жайлы «Nur Otan» партиясы Жаңақорған ауданы филиалының фракция жетекшісі, аудандық мәслихат депутаты, мен Тілеубергенова Әсемкүл Манапқызы қоғамдық ұйым өкілдері, ауданның Құрметті азаматтары Әзия Қыстаубаева мен Нәрзілдаев Изатилла және аудан жастарымен канвассинг кездесу өткіздім. Кездесу барысында төмендегіше әрбір бағыт бойынша орындалған индикаторларға тоқталып өттім.
- 2021 жылы 2087 жаңа жұмыс орындарын құру жоспарланса, қазіргі көрсеткіш 2755 -ке жетіп, жылдық жоспар 132,9 пайызға орындалған.
-15 кәсіпкерге пайыздық мөлшерлемесін субсидиялау жоспарланса, бүгінде 46 жобаға 391,7 млн теңге несиелер берілген.
-Мемлекеттік бағдарламалар шеңберінде "Бастау-Бизнес", "Бизнес Кеңесші" курсымен жыл сайын 270-тен аса азаматтарды өз кәсібін ашуға оқытуға жолдау жоспарланған, қазіргі таңда Бастау-Бизнес жобасы бойынша "Атамекен" кәсіпкерлік палатасына 270 жасқа жолдама беріліп, мерзімінде толық орындалып отыр.
- 2021 жылға 2 мектепті пайдалануға беру және Ақүйік ауылдық округіндегі балабақша құрылысын бастау қажет болатын. Осы орайда , Жаңақорған кенті Май бекетіндегі 300 орындық мектеп құрылысына 418363,4 мың теңге, Жаңақорған кентіндегі 600 мектеп құрылысына Республикалық бюджеттен 1050 000,0 мың теңге, облыстық бюджеттен 54 027,5 мың теңге қаралды. Жаңақорған ауданы Бірлік елді мекенінен 90 орындық балабақша құрылысы салынуда. Облыстық бюджеттен 200000,0 мың теңге қаралды. Алайда мектеп құрылыстарының мерзімінде орындалу қаупі бар екендігін және оған тиісті жұмыстар атқарылып жатқандығы да мәлімделді.
- білім беру саласындағы қалған индикаторлардың мерзімінде орындалғандығына тоқталып өттім.
Кездесу барысында жастар тарапынан сұрақтар туындаса, қоғамдық ұйымдар тарапынан ұсыныс пікірлер айтылды.

Тілеубергенова Әсемкүл Манапқызы
«Nur Otan» партиясы Жаңақорған ауданы филиалы фракциясының жетекшісі, аудандық мәслихат депутаты
08 желтоқсан 2021 ж. 454 0