Соңғы жаңалықтар

№92 (8906) 2

02 желтоқсан 2025 ж.

№91 (8905) 29

29 қараша 2025 ж.

№90 (8904) 25

25 қараша 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031 
» » Тәуелсіздік – ең басты байлығымыз

Тәуелсіздік – ең басты байлығымыз


Желтоқсан айының 3 күні Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай «Тәуелсіз Ел – Мәңгілік Ел» тақырыбында шара өткізілді. «Nur Otan» партиясы Жаңақорған аудандық филиалына қарасты Жаңақорған санаториясы бастауыш партия ұйымында денсаулық сақтау саласының ұйымдастыруымен өткізілген шарада мен, «Nur Otan» партиясы Жаңақорған аудандық филиалының фракция жетекшісі, аудандық мәслихат депутаты Тілеубергенова Асемкул Манапқызы Елбасының қараша айында жастарға бағдарланған «Елдіктің жеті тұғыры» атты жолданған үндеуін таныстырдым.
Сондай-ақ қағидаттар жиынтығы ел ертеңі үшін аса маңызды, идеологиялық тұрғысынан өте ауқымды қадам және өмірлік тәжірбиеден алынған өміршең маңызға ие құнды еңбек екенін тілге тиек ете отырып, болашақта жастарымыз осы бағдаршамды рухани күш жігер етіп бойына сіңіріп, болашаққа ұмтылса ұтарымыз көп болатынына ерекше назар аудардым. Жиын соңында осы салада белсенді жұмыс атқарып жүрген бірқатар қызметкерлерге «Nur Otan» партиясы Жаңақорған аудандық филиалының төрағасы Р. Рүстемовтың алғыс хаттары мен сый – сияпаттарын табыстадым. Жиынды қорытындылаған «Жаңақорған санаториясы» бастауыш партия ұйымының төрағасы, айтыскер ақын, «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері, жастар сыйлығының лауреаты Әбілқайыр Сыздықов шараға қатысушыларға өзінің «Мен қазақпын» атты өлеңін тарту етті.

Тилеубергенова Асемкул Манапқызы
"Nur Otan" партиясы Жаңақорған ауданы филиалы фракциясының жетекшісі, аудандық мәслихат депутаты, аудандық кітапхана директоры

07 желтоқсан 2021 ж. 556 0