№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Отбасы құндылығы – тәрбие бастауы

Отбасы құндылығы – тәрбие бастауы


Келешегі кемел ел татулық пен отбасы құндылығын бірінші орынға қояры хақ. Осы ретте Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Тәуелсіздік тағылымы» атты мақаласында «Тәуелсіздіктің алғашқы күндерінен бастап біз береке-бірлікке, ынтымаққа, ұлтаралық татулық пен дінаралық келісімге негізделген саясатты жүзеге асырдық. Бұл елімізді үздіксіз өсу мен өркендеуге бастады», – деді. Демек, татулықты ту еткен ел мен ынтымағы жарасқан отбасынан құрылған мемлекеттің болашағы жарқын.


Кемеңгер халқымыз «Отан – отбасынан басталады» деп, қоғамдағы отбасының құндылығына басты назар аударып, отбасын адам баласының ең құнды қазынасына балаған. Іргесі мықты ел қалыптастыру үшін әр шаңырақтың береке бірлігі жарасымды, ынтымағы ырысты болуы керек. Демек өскелең ұрпақтың тұлғалық қасиетінің жақсы немесе жаман болып қалыптасуына әсер етуші фактор – отбасы.
Бала білім ордасынан татулық пен сүйіспеншіліктің арқасында адамгершіліктің қалыптасуын ұғынып өседі. Бірақ мейірімділіктің, адамгершіліктің діңгегінің отбасында қалыптасуы бір төбе. Әр бала өз үйінде мейірімге қанып өссе, болашаққа нық сеніммен қадам басады. Осындай татулыққа жанасқан отбасында тәрбиеленген жеткіншектер елдің тұтқасын ұстайтын азамат болатыны анық. Осы орайда, «Тәрбие – тал бесіктен» деген тәмсілді ұстанатын қазақ халқы ұл мен қызға бірдей тәлімді тәрбие беруді алдыңғы орынға қойған. Үлкенге ізет, кішіге құрмет көрсетуді қаққан қазықтай ұстанып, баланың бойына жастайынан тәртіппен сыйластыққа құрылған тәлімді құйған. Ертеден төскейде малын жайып, түстікте егінін орған ата-бабамыз отбасы институтының ынтымағы мен татулығына басты назар аударған. Осындай тәлім-тәрбиемен қалыптасқан бүгінгі ұрпақ, кішіпейілдік пен мейірімділікті баланың бойына мектеп табалдырығынан сіңіруді мақсат тұтып, оны оқу бағдарламасына қосып отыр. Өскелең ұрпақ отбасынан бөлек білім ошағында да татулықты жоғары қойып, мейірімділікпен қатар білімді сіңірсе ол бала болашақ мықты мемлекеттің тірегі болмақ. Өйткені мемлекеттің мықты ел болып қалыптасуының артында білімді де білікті ұрпақ тұратыны хақ.
Иә, отбасының қамқоршысы – ер кісі десек, шаңырақтың шырайын келтіріп, ырысын артыратын – әйел адам. Ал, шаңырақты береке мен мерекеге толтыратын балалар әкеден көрген өнеге мен анадан алған тәлімін өмірлік бағдаршамына айналдырады. Міне, «Ұяда не қөрсе, ұшқанды соны іледі», деген қанатты сөздің астарлы ақиқаты осында жатыр. Сондықтан баланың болашағы жарқын, келешегі кемел болуы үшін әр адам өзін тәрбиелеп, ұрпақты ата дәстүрімен рухы асқақ азамат етіп қалыптастыруы маңызды. Осы себептен адамзат пен мәдени құндылықтың бұлжымас ұясы – отбасы.
Осы ретте Елбасы «Елдіктің жеті тұғыры» атты қағидаттар жиынтығында «Отбасы мен салт-дәстүр – қоғамның алтын діңгегі. Отанға деген сүйіспеншілік – өз отбасыңа, ауыл-аймағыңа, еліңе деген махаббат пен жанашырлықтан басталады. Отбасы – ұрпақ тәрбиесінің ұстаханасы, қоғамдық қатынастардың бастауы саналатын бірегей институт.
Жаһандану үдерісі тұрмысымыз бен салт-санамызға өзгеріс әкелгенмен, ғасырлар бойы қалыптасқан құндылықтардан бас тартуға болмайды», – деді. Отан ортақ үйіміз деп қарайтын болсақ оның шаңырағын шайқалтпай, татулығын мығымдап, берекесін арттыру ортақ міндетіміз.

Забира КӨКЕНОВА
08 желтоқсан 2021 ж. 544 0