Көпшілік көңіліндегі сұрақ
ҚР Президенті 2021 жылғы Қазақстан халқына жолдаған дәстүрлі Жолдауында орта білім жүйесіндегі өткір проблеманың бірі – мектептердегі орын тапшылығы. 225 мың оқушыға орын жетіспейді. Шұғыл шара қабылдамаса 2025 жылғы қарай ол көрсеткіш 1 миллионға жететіндігін айта келе, Үкіметке 800 мектеп салу тапсырма берсе, биылғы жылы оның санын 1 мыңға жеткізуді міндеттегендігін айтқан болатын.
Мінеки осындай жақсы бастамалардың арқасында біздің ауданымызда да мектептердегі орын тапшылығын азайту үшін жаңа мектеп құрылыстарын салу жұмыстары басталып та кетті. Бұл мәселе «Nur Otan» партиясы Жаңақорған аудандық филиалы сайлауалды бағдарламасына енгізілгендіктен жақында «Nur Otan» партиясы Жаңақорған аудандық филиалы фракциясының жетекшісі, аудандық мәслихат депутаты, мен Тілеубергенова Әсемкүл Манапқызы және аудандық мәслихат депутаты Жанат Жүсиповалар №169 мектептің жаңа құрылыс жұмыстарының орындалу барысымен танысып қайттық.
Алайда атқарылып жатқан құрылыс жұмыстары тиісті өз деңгейінде жүргізілмей отырғандығының куәсі болдық. Оның ішінде: Мектептің едені (полы) орнатылмаған, қабырғалары қаланып біткенімен шатыры 90 пайызы ғана жабылған, ішкі қабырға слақтары мен левкастау жұмыстары аяқталмаған, кафелдеу жұмыстары толық жүргізілмеген, электр монтаждау жұмыстары толық бітпеген, пластик терезелері 95 пайызға орнатылған, жылу жүйесімен желдету жұмыстары мүлдем жүргізілмеген.
Сыртқы су жүйесімен канализация жұмыстары 20 пайызға, ал ауланы көркейту көгалдандыру жұмыстары әлі күнге дейін қолға алынбаған.
Десек те жоғарыда аталған білім ошағын жақын арада табыстау жоспарланып отыр.
Сол себепті жоғарыда аталған құрылыс жұмыстарын сапалы, әрі жеделдету үшін тиісті орындарға ұсыныстар беріліп, дабыл қағылды.
Тілеубергенова Әсемкүл Манапқызы
«Nur Otan» партиясы Жаңақорған аудандық филиалы фракциясының жетекшісі, аудандық мәслихат депутаты