Ақылы жол: ақшаны кімге, қалай төлейміз?
«ҚазАвтоЖол» ұлттық компания АО ның Қызылорда облысы бойынша пайдалану және қозғалыс қауіпсіздігі бөлімінің бастығы Нұрлыбек Айтжанұлының сөзінше, ақы төлеудің 20-ға жуық тәсілі бар. Мысалы, QIWI, Kassa 24, CyberPlat, Wooppay, Salempay электронды әмияндары, KazDriver қосымшасы, Payway.kz, «Kaspi», «Халық», «Сбербанк», «Евразия», «Капитал» және «АТФ» банкі арқылы онлайн төлеуге болады. Немесе Beeline, Activ, Kcell ұялы операторының балансынан төлем жасап, байланыс нөмірінен төлеу үшін 5505 нөміріне аударатын ақша мөлшерін, автомобильдің мемлекеттік нөмірін SMS-хабарлама арқылы жіберіп төлеуге болды.
Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі 2020 жылдың тоғыз айында Нұр-Сұлтан – Щучинск, Нұр-Сұлтан – Теміртау, Алматы – Қорғас, Алматы – Қапшағай бағыттарындағы ақылы жолдардан 4 млрд теңге түскенін мәлімдеді. Биыл 5,8 мың шақырымдық жол ақылы болса, одан жыл соныңа дейін 25,6 млрд теңге түсетіні болжанып отыр. Міне, ақылы жолдардың маңызы осындай цифр мен «щифрлардан» көруге болады.
ТҮЙІН. Ақылы жолдан түсетін қаржы автомагистраль, көпір, туннель құрылысын салуға, оны күтіп-баптауға жұмсалатыны белгілі. Демек өмір сүрудің өзегіне айналған жолдардың ақылы болуы қазынадағы қаржы халықтың әлеуетін арттыруға бағыттауға негіз береді. Біз осындай ой түйдік.
Айсұлу АЛДАНАЗАР