№102 (8813) 28

28 желтоқсан 2024 ж.

№101 (8812) 24

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Ақылы жолдың қажеттілігі неде?

Ақылы жолдың қажеттілігі неде?


«Нұр-Сұлтаннан шығатын жолдың бәрі ақылы болады» деген ақпаратты естігенімде таңданысымды жасырған жоқ едім. Енді өзіміздің «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» халықаралық жолының учаскелері де ақылы болатын болды. Бір жағынан, жолды жөндеп, сапасын түсірмеу үшін өте қажетті қадам. Екінші жағы, қарапайым халықтың қалтасын қаға ма? Міне, біз осы сұраққа жауап іздедік.


Жолдың қандай түрін салсаңыз да бірнеше жылға, ары кетсе он жылға дейін сапасы сыр алдырмауы мүмкін. Одан кейін ше? Қайтадан қаржы көздерінен миллиондап, миллиардтап қаржы тартуға тура келеді. Әлемнің озық елдері мұндай қиындықтан құтылу үшін әлдеқашан ақылы жол қызметіне көшті.
2013 жылы «Нұр-Сұлтан – Щучинск» бағытындағы тас жол ақылы жол ретінде ашылып, әр жылдары жол жүру ақысынан түскен қаржыға жолды күтіп ұстауға, қызмет көрсету сапасын жақсартуға жұмсалуда. Бұған Нұр-Сұлтан-Теміртау, Алматы-Қапшағай, Алматы-Қорғас автожолы қосылды. Ал, 2021 жылдың 23 қарашасынан бастап ақылы режимге Нұр-Сұлтан – Павлодар, Щучинск – Көкшетау, Шымкент – Өзбекстан шекарасы, Қапшағай – Талдықорған, Тараз – Қайнар, Шымкент – Тараз және Шымкент – Қызылорда бағытындағы жолдар қосылды. Мәселен, бір бағытта қозғалу бойынша Шымкенттен Қызылордаға дейінгі жол аралығының ақысына тоқталсақ, жеңіл көлік 440 теңге, орын саны 16-дан аспайтын автобус және 2,5 тоннаға дейін жүк көтеретін көлік – 2190 теңге, орын саны 32-ден аспайтын автобус және 5,5 тоннаға дейін жүк көтеретін көлік – 4430 теңге, орын саны 32-ден көп автобус пен 10 тоннаға дейін жүк көтеретін көлік – 6630 теңге, 10-нан 15 тоннаға дейін жүк көтеретін көлік – 8860 теңге, тіркемесі бар техниканы қоса алғанда, 15 тоннадан артық жүк көтеретін көлік – 11050 теңге ақы төлейді.
«ҚазАвтоЖол» компаниясының мәліметінше, елде ақылы жолдар бірнеше аймақта бөлінгенін ескерсек, әр аймақта орналасқан автокөлік туралы ақпаратты өңдеп, төлемақыны есептейтін жабдық арқылы төлемді оп-оңай жүргізуге болады. Алайда автокөлік ақылы жолмен жүріп, төлем қабылдау пунктінен өтпесе немесе шотында қаражат жетпеген жағдайда төлеуге тиіс сомасы мемлекеттік нөмірге қарыз ретінде тіркеледі.
Сондай-ақ жол-көлік оқиғасы, қате жолаққа шығу сияқты адами факторлар туындаған кезде төлем қабылдау пунктінде кептелістің ұзындығы 300 метрге жеткен жағдайда барлық шлагбаумдар ашылып, автокөліктер төлемақысыз өткізілгенімен көлік иелері төлемнен босатылмайды. Ол төлемдер мемлекеттік тіркеу нөміріне қарыз ретінде қосылады және келесі жолы ақылы аймаққа кірген кезде негізгі төлемақымен бірге көрсетіліп тұрады.

Айсұлу АЛДАНАЗАР
04 желтоқсан 2021 ж. 314 0