Соңғы жаңалықтар

Көк жөтел ауруы жайлы.

26 сәуір 2024 ж. 59

№32 (8743) 23

23 сәуір 2024 ж.

№31 (8742) 20

20 сәуір 2024 ж.

№30 (8741) 16

16 сәуір 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930 
» » 100 ОРЫНДЫҚ КЛУБ ҒИМАРАТТАРЫН САЛУ ЖОСПАРЛАНУДА

100 ОРЫНДЫҚ КЛУБ ҒИМАРАТТАРЫН САЛУ ЖОСПАРЛАНУДА


Аудан тұрғындарын рухани, мәдени тұрғыдан байыту, әртүрлі жастағы азаматтарға арналған «Шежірелі Жалағаш», «Дәстүр мен таным», еңбек адамдарын насихаттау мақсатында «Тұлға тану» сияқты бірқатар жобалар іске асырылды.

Ауданда ауылдық клубы жоқ Аққыр және Мырзабай ахун елді мекендеріне 100 орындық клуб ғимараттарын салуға жоба-сметалық құжаттар әзірлеуге жергілікті бюджеттен 13,9 млн теңге бөлініп, жобалар дайындалуда.
Биылғы жылдың айтулы мерекесі – Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығы. Бұл мерекені атап өтуде мәдениет саласы бойынша жыл көлемінде 80 мәдени іс-шаралар жоспарланып, өткізілуде.
Сонымен қатар Жамбыл Жабаевтың 175 жылдығы, Ыбырай Алтынсариннің 180 жылдығы, Мұқағали Мақатаевтың 90 жылдық мерейтойларына орай түрлі форматтағы ауқымды шаралар да ұйымдастырылуда.
Мәдениет саласы бойынша алдағы уақытта М.Шәменов елді мекеніндегі Мәдениет үйі ғимаратына күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу жоспарланып отыр. Жобақұны 160 млн. теңге.
25 қараша 2021 ж. 271 0