№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Кәсіпкерлік: Бағыт. Бағдар. Байлам

Кәсіпкерлік: Бағыт. Бағдар. Байлам


Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасына қатысушыларға жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға 583 400 теңге грант берілуде. Жұмыспен қамту орталығының жанынан құрылған комиссиясының биылғы соңғы отырысына қатысып, түйдек-түйдек ой түйдік.


Комиссия төрағасының уақытша міндетін атқарушысы ретінде біраз салмақты сезіндік. Бизнестің бағ­дары мен бағытын тануда байлам ке­рек. Әрине, мұны әркім әртүрлі пайым­дай­ды, әртүрлі түсінеді...
Комиссияға 155 бизнес жоба түссе, соның 104-і мал шаруа­шы­лығына бағытталыпты. Бұған дейін «Бизнестің қай түрін дамыту ти­імді?» деген мақала жазып, онда ар­найы мамандардың пікірін алып, егжей-тегжей талдап жазған едік. Бұл жолы комиссия мүшелері «Nur Otan» партиясының сайлауалды бағ­дар­ламасында жас кәсіпкерлерге жа­ңа бизнес-идеяларын іске асыруға басымдық берді. Яғни сайлауалды бағдарламадағы басымдықты жүзеге асыру үшін жасы 29-ға дей­інгі жастарға нысаналы қаржы бағыт­талды. Бұл – бизнесті дамытуға ниетті жастардың жобасының маңызына қарай іріктеп, қолдау көрсету деген сөз.
Жастардың бизнес-идеясын ­қол­­­­-
дау­дан бөлек 79 жобаның іші­нен 19 жобаны іріктеп алу мін­деті алдымызда тұрды. Яғни жас­тар санатынан бөлек жобалар мем­­лекеттік грант алуына мүмкіндік ту­ды. Комиссия мүшелері осы жерде таң­дау жасауда жоғары талап қойды. Қазір экономиканы әртараптандыру – отбасылық бизнесті әр бағытта құруға басымдық беру мемлекеттікң басты бағдары екені ескеріліп, биз­нес-жобалар іріктелді. Неге? Біз осыны түсіндірсек...
Қазақ пен мал шаруашылығы бір-бірінен ажырамайтын, мыңжыл­дықтар көшінен негіз тартатын маңызды сала. Оны мойындаймыз. Бүгінде Сыр өңіріндегі төрт түліктің тең жартысы біздің ауданда. Әрине, мұнымен мақтанамыз. Бірақ ет және сүт өнімдерінің бағасын тұрақ­тандыруға қауқарсызбыз. Мұны мойындау керек. Біздің нарықты Түр­кістан мен Шиелінің мал базары реттейді. Оның үстіне, жыл өткен сайын аяқ су тапшылығы сезіліп, жем-шөп дайындауда қиындықтар кездесуде. Егер ауданда мал өнімдерін өндейтін шағын цехтар құрылып, кластерлік шаруашылық қалып­тасса, мал шаруашылығына басымдық беруге әбден болады. Қазір далада тері мен жүнді өртеп, кәдеге жаратудың көзін таба алмай жүрміз. Ал, Иран, Түркия, Италия, Германия сынды жеңіл өнеркәсібі дамыған елдерде тері де, жүн де қып-қызыл ақша. Жыл өткен сайын малдың өрісі тарылып, жайылымдық жерлер өзекті мәселеге айналуда. Мал шаруашылығына маңыз берген азаматтар осының бәрін ескергені дұрыс. Сосын наурыз айынан мемлекеттік гранттардың комиссия отырысы басталып, ай сайын кемі 100 бизнес-жобаны қарап, соның басым көршілігін қаржыландыруды мақұлдайды. Осы жабаларды сара­лайтын болсақ, 70-80 пайызы мал шаруашылығын қорғайды. Сиырды алып жатыр, алып жатыр, бірақ мүй­ізді ірі қараның санының артқанын көріп отырғанымыз жоқ. Осы жерден «қайтарымсыз гранттың қаржысы мақсатты жұмсалып отыр ма? » деген сауал туындайды.
Ал, 20-27 жастағы жап-жас азаматтар мал шаруашылығына басымдық беріп, екі сиырмен кәсіпті дамытуға ниет танытуда. Бұл дұрыс па, бұрыс па? Оның бағасын біз емес, нарық береді!
Айтқым келгені, жастар креативті, перспективалы жобаларды ұсынса дейміз ғой. Әрине, қайтарымсыз гранттың 583400 теңгесіне бизнесте аяқтанып, дамыту қиын. Алдымен бастамасын қалап, істі бастаса, өзге жобалар арқылы дамытудың мүмкіндігі мол. Мәселен, инновациялық бизнес-жобаларға облыста 5 млн теңгеге дейін грант алуға болады.
Грант алуға үміткерлерден неге мал шаруашылығын таңдағанын сұрағанымызда: «Мал десе грантты тез береді дейді ғой! Біз басқа жоба ұсынуға дайынбыз» деген пікірді алға тартқандар кездесті.
Бұл жерде жергілікті жердегі әкімдердің де мемлекеттік грантқа ұсынған азаматқа бағыт-бағдар беру жағы кемшін екенін аңғаруға болады. Яғни әкімдік пен кәсіпкердің ара­сында байланыс әлсіз. Әкімдіктер әлі кәсіпкерлік субъектілерін түген­деу жұмысын жүйелеген жоқ. Сол себепті елді мекенде бизнестің қай түрлерін дамытуға болатынына бас ауыртпайды, кәсіпті бастауға ниет­тілерге де бағыт бере алмайды. Осы жөнінде бір пысықтап алу артықтық етпейді...
Қызылорда облысының кә­сіпкерлер палатасының Жаңақорған ау­даны филиалының директоры, ко­мис­­сия мүшесі Асылжан Жолдас­бе­ковтен креативті жобалар аз болуының себебін сұрадық. Өйт­кені кәсіпкерлерлікті бастаған аза­мат­тарға әдістемелік бағыт-бағдар бере­тін палата емес пе?
– Біз «Бастау-Бизнес» жобасы бойынша бизнесті бастау және кеңейту, іскерлік серіктестік құру және стратегиялық бастамалардың ма­ңызын жан-жақты түсіндіріп, жас­тарға креативті жобаларды ұсы­намыз. Бірақ «бір сиыр, бір қашар» дегенді санасына бекітіп алған... – деп түсіндірді палатаның басшысы.
Әрине, бұл – мал шаруашылығын қолдауға болмайды деген сөз емес. Жоғарыда айтқандай, мал шаруа­шылығы біздің төл кәсіп, ата кәсіп. Одан бас тарта алмаймыз. Қазір әлем қатты дамып келеді. Соны ескеруіміз тиіс. Біз әлемдік өркениет көшінен қалмауымыз үшін цифрландыру, IT, ауылшаруашылығы саласында био­технология енгізу, жекеменшік меди­циналық пунктер, білім орта­лықтары және т.б дамытуға мән бе­ре­тін кез келді.
Бизнесті осы бағытта өркендетудің артықшылығын түсінуіміз керек-ақ. Міне, кәсіпкерлікті дамытуда осын­да бағытты ұстанып, бағдарды айқын­дап, нақты байлам ұстану маңызды...
14 қараша 2021 ж. 279 0