№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамдық бірлестігінің есеп беру – конференциясы

Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамдық бірлестігінің есеп беру – конференциясы

27 қазанда аудан әкімдігінің мәжіліс залында Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамының Жаңақорған ауданы бойынша филиалының есеп беру – сайлау конференциясы болып өтті. Қазақ тілінің қолданыс аясын кеңейтіп, мемлекеттік тілдің беделін арттыру , қазақ елінің мәдениетінәдебиетін, тарихын оқып-үйренуге, әдет-ғұрпын, тұрмыс-салтын сақтап, оны одан әрі дамыту бағытындағы іс – шараларды ұйымдастыру мақсатында құрылған ұйымның филиалы ауданда 2010 жылдан бастап жұмыс жасап келеді. 
Тіліміз шұбарланып, қауіп төнеген кезде, қоғамдық ұйым халықаралық «Қазақ тілі» қоғамы деген атпен дүниеге келген болатын.  Бұл еліміздегі ұлт жанды азаматтары мен тіл жанашырларының 1986 жылдан кейінгі жанайқайынан туған құрылым болатын. Бұл – қазақ халқының ұлт болып қалуы үшін қауымдасуы еді. «Қазақ тілі» қоғамының филиалының ауданда және ауылдарда құрылған 103 бастауыш ұйымдарында 3000-нан астам мүшесі бар. Конференцияға Жаңақорған ауданы әкімі Рүстемов Руслан Рүстемұлы мен бастауыш ұйымдардан сайланған делегаттар мен қоғам белсенділері, тіл жанашырлары мен мекеме басшылары қатысты.  Аудан әкімі Р. Рүстемов тілдің қоғамдағы рөліне, азаматтық  татулықты нығайтатын негізі фактор екендігіне тоқталып, қазақ тілінің мемлекеттік мәртебе алу жолындағы өткені мен болашағына, республикамызда жүргізіліп отырған тіл саясатын жүзеге асыратын мемлекеттік бағдарламалар мен олардың тиімділігіне қатысты тұшымды ойларымен бөлісіп, алғы сөз айттып, конференцияны ашып берді.   Аталған жиынның күн тәртібінде 3 мәселе қаралды. Олар: «Қазақ тілі» қоғамының аудандық филиалының 2011-2021 жылдар аралығындағы атқарған жұмыстары мен филиалдың тексеру комиссиясының есебі және аудандық филиалдың басқарма, алқа мүшелері мен тексеру комиссиясы құрамын сондай – ақ, келесі төрағасын сайлау. Күн тәртібіндегі бірінші мәселе бойынша  филиал төрағасы І.Нәрзілдаев ағымдағы он жыл уақыт аралындағы филиалдың қазақ тілін дамыту жөніндегі атқарған жұмыстары мен алдағы міндеттері туралы атқарған жұмыстардың есебін жасады. Филиал төрағасы өз сөзінде: «Қазақ халқы еліміздегі жүзден аса ұлт өкілдерін бауырына басып ұйыстырып отырғаны рас, бірақ қазақ тілі әзірге ондай ұйыстыратын дәрежеге жете алмай отыр. Сондықтан да біз – «Қазақ тілі» қоғамының  ұйымдарын меншік нысандарына барлық мекемелерде жаппай құру керек дейтініміз – бұл қазақ елі болып қалыптасуымыздың шарты деп ұғынуымыз керек. Ұйым тілімізге арашашы болудың, оны тірілтудың , дамытудың, сөйте жүріп еліміздің біртұтас ел болуының ұйытқысы болып, осы істі батыл жүргізіп, баянды етуде көпшілікке сүйенуі үшін керек» дей келе, ауданда бастауыш ұйымдар құруда біршама жұмыстар жүргізілгендігін, осы ретте мүшелік жарна жинаудың қиындығын айта келіп, соған қарамастан жұмыстарын  жолға қойған алдыңғы деңгейде жұмыс жасап келе жатқан бастауыш ұйымдардың да аз еместігін тілге тиек етті. Олар: аурухана бастауыш ұйымы төрағасы Әбілқайыр Сыздықов, колледж бастауыш ұйымы төрайымы Кәрімқызы, № 163 орта мектеп бастауыш ұйымы төраймы Алтынсара Исмайлов, әскери комисариат бастауыш  төрағасы Құрманбеков Ербол тағы да басқа көптеген ұйымдар.  Аталған қоғамдық ұйым филиалы мен бастауыш ұйымдар қазақ тілінің қолданыс аясын кеңейту, ұлттың дәстүр – салтын насихаттау, мәдени мұраларымызды қалпына келтіру бағытында мәдениет және тілдерді дамыту бөлімімен бірлесе отырып тынымсыз жұмыс жүргізіп келеді. «Қазақ тілі» қоғамының Жаңақорған ауданы бойынша филиалының тексеру комиссиясының мүшесі А. Исмаилова күн тәртібіндегі екінші мәселе бойынша хабарлама жасап, бастауыш ұйымдардың жұмысы мен жарғыға сәйкес мүшелік жарна жинау жұмыстары жөнінде баяндады. Жарыссөз кезеңінде алқа мүшелері
З. Шермағанбетов пен Ф. Сахиев ұйымның атқарған жұмысына баға беріп, алдағы жұмыстарына сәттілік тіледі.  Жиын соңында есеп-санақ, алқа, басқарма, тексеру комиссиялары құрылды, төрағалық қызметке бірауыздан көпшіліктің қолдауымен қайтадан І. Нәрзілдаев сайланды.
         Біздің ұстанымымыз ұлттық эгоизм емес – ұлттық патриотизм. Біз көп ұлттылықты, көп тілділікті жақтаймыз. Сондықтан да біздің мақсатымыз өзге ұлттың өкілдерімен олардың тілдеріне құрметпен қарай отырып, белгілі бір себептермен жылдар бойы шеттеп қалған ана тілімізді құрметтеп, терең біліп, інжу-маржанын меңгере түсу арқылы оның мемлекеттік мәртебесін көтеру.
                                                                                            Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің маманы М. Медетқызы
11 қараша 2021 ж. 457 0