Соңғы жаңалықтар

№101 (8812) 24

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Бірінші орында – жұмыс сапасы

Бірінші орында – жұмыс сапасы


Биыл Жаңақорған ауданында жол құрылысының қарқыны жақсы.
Аудан әкімі Руслан Рүстемұлының қолдауымен 2021 жылы аудандық маңыздағы және елді мекендегі ауылішілік көшелерді салу, сондай-ақ күрделі және орташа жөндеу жұмыстары бойынша 23 елді мекенде бір-бір көшеге орташа жөнделеді.
Аудандық маңызы бар «Самара-Шымкент-Жайылма» 3 шақырым, «Са­ма­ра-Шымкент-Бесарық» 1 шақырым, облыстық маңызы бар «Самара-Шымкент-Түгіскен-Келінтөбе» 6 шақы­рым жолды орташа жөндеу жұмыстары жүргізілуде.
Төменарық ауылдық округі бойынша Д.Нұрпейісова, Алтыбаев, Пашаев, Елтай 2, Р.Құдайбергенов, М.Махатаев, Ә.Молдағұлова, Б.Момышұлы көшелері жөнделеді. Бесарық ауылдық округінен С.Таңқиев, Б.Шалғынбаева, Ж.Қыдыров, Байкенжеден С.Алдабергенұлы, О.Па­луан көшесі, М.Нәлібаевтан А.Иманов көшесі, Сүттіқұдықтан Ш.Торғаев көшесіне асфальт төсеу жұмысы басталады.
Сол секілді, Қожамберді, Манап пен Талап ауылдық округінен екі көшеден, Кейден, Шалқия, Аққорған, Жаңарық, Қаратөбе, Өзгент, Сунақата, Келінтөбе, Көктөбе, Қандөз және Қыркеңсе ауылында бір-бір көшеден жөнделеді. Қожакент ауылдық округінен 5 көше, барлығы 57 көшеге асфальт салынады. Ал ауылдық округтің ішінде Қыраш, Қосүйеңкі және Ақүйік ауылдық округтерінде газ жүйесі құрылысының басталуына байланысты ауылішілік жол құрылысы тоқтатылды.
Жаңақорған кенті бойынша Ж.Та­ға­ев, З.Мұсаханов, Қ.Сағырбаев, Е.Бел­сенбаев, О.Қашқынов, Ы.Алтын­сарин, А.Абуталипов, А.Сүлейменов, Т.Шалапов, А.Еламанов, Ипподром 24, С.Құрымбеков, Д.Романов, А.Исаев, С.Сапарбаев, Қоңқабаев, Өркендеу, Ы.Скендиров, М.Есболғанов, Жібек жолы көшесі жаңғырады.
Міне, осы Жаңақорған кентіндегі жол құрылысының сапасын бақылау мақсатында «NurOtan» партиясының аудандық филиалының партиялық бақылау комиссиясы және аудандық мәслихаттың тұрақты комиссиясының мүшелері бірлесіп, арнайы барды.
Топ құрамында партияның ау­дандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары, аудандық мәслихат депу­таты Мәжит Балқажаев, мәслихат депутаттары Бақытжан Төлегенов, Баянбек Халжанов, Серік Мырзахметов, партиялық бақылау комиссиясының мүшесі Алшынбай Тұртанов бар.
Жаңақорған кенті әкімінің орын­басары Жасұлан Бей­сенбеков пен мердігер компания – «Жібек жолы» ЖШС өкілі Әділжан Дәумен келді.
– Жолды орташа жөндеу үшін қиыршық тас төсепті. Сметалық құжат бойынша құм араласқан қиыршық тас төселуі тиіс. Ал, мынау қиыршық тастың құрамында топырағы басым. Мұнымен асфальт сапалы болмайды. Сосын қиыршық тастың диаметрі 3 сантиметр болуы тиіс. Қиыршық тас төселгеннен кейін сумен отырғысып, кемі 8 тонналық катокпен тегістелуі керек. Осы жұмыстарды бақылап, сапалы асфальт төсеуге мән берілсе. «Жібек жолы» ЖШС кенттің З.Мұсаханов, Құрманғазы көшесіне асфальтты өте жақсы деңгейде төседі. Осы талап үдесінен шығу керек, – деді Алшынбай Тұртанов ағамыз.
Жолдың тығыздығын, сапасын тексерген техникалық қадағалаушы «Әсем-құрылыс-Қызылорда» ЖШС бел­гіленді. Бұл компания Жаңақорған кен­тінен бөлек Төменарық ауылдық округіндегі көшелерге де жауапты екен. Бірақ, бақылаушы, тексеруші компанияның не басшысы, не өкілі жұмыс басында жоқ. Кент әкімінің орынбасары Қызылорда қаласында дегенді айтты. Сонда «Әсем-құрылыс-Қызылорда» ЖШС қалада отырып жұмыстың сапасын бақылай ма?
– Бақылаушы болып белгіленді ме, осыдан қаржы алады ма, онда жұмыстың басында күнделікті жүріп, тапсырыс берушіге кемшіліктерді көрсетіп, жолдың сапалы болуына тікелей ықпал ету керек. Жаңа Төменарық ауылдық округіне бардық. Онда 8 көше орташа жөндеуден өтеді. Ауыл ақсақалдарына жол құрылысындағы кем-кетіктерді айтып, түсіндіріп кеттік. Сонда осы «Әсем-құрылыс-Қызылорда» ЖШС өкілі болуы керек. Бірақ қалада жатыр. Жұмыс осылай біте ме? – деді құрылыс ардагері Алшынбай Тұртанов.
Депутаттар мердігер компанияның өкіліне асфальтты арнайы зертханада сынап, жол құрылысының талаптарын толық сақтап, жұмыс істеуге міндеттеп, сәт сайын бақылап тұратындарын айтты.
Нұрлат АЙТЖАН
25 қыркүйек 2021 ж. 351 0