№2 (8916) 10

10 қаңтар 2026 ж.

№1 (8915) 6

06 қаңтар 2026 ж.

№100 (8914) 31

31 желтоқсан 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031 
» » "Адал ұрпақ" еріктілер клубы

"Адал ұрпақ" еріктілер клубы


Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің 
Қызылорда облысы бойынша департаменті облыстық білім басқармасымен бірлесе сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәдениетін қалыптастыру мақсатында «Сыбайлас жемқорлықсыз Қазақстан» атты тақырыпта «Адалұрпақ» еріктілер клубының слетін ұйымдастырды.
Сыр өңірінде - Ел болашағы адал ұрпақты тәрбиелеуде арнайы бағыттар бойынша түрлі форматта тәрбиелік шаралар ұйымдастырылып, жастар арасында парасаттылық қағидаларының қалыптасуына ықпал жасалынуда.
Аталған іс-шараға Департамент басшысының орынбасары                                         Ғ. Әлімқұлова, облыстық білім басқармасы өкілдері, «Ақмешіт-адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің басшысы Ж. Тұсмағамбетов, «Саналы ұрпақ» және «Адал ұрпақ» ерікті мектеп клубтарының мүшелері, жас өнерпаздар - қатысты.
Шара барысында «Адал ұрпақ» ерікті  мектепклубтарының  2020-2021 оқу жылдарында атқарылған жұмыстарының қорытындылары тыңдалып, «Адал еңбек  - жарқын өмір бейнесі» тақырыбында көрме ұйымдастырылып, «Біз сыбайлас жемқорлыққа қарсымыз!» тақырыбында театрландырылған қойылым  мен «Жаңғырған Қазақстан адал ұрпақ көзімен» тақырыбында флеш-моб көрсетілді.
Департамент басшысының орынбасары   Ғ. Әлімқұлова мен Қызылорда облыстық білім басқармасының басшысы А. Қасымова - «Адал ұрпақ» ерікті мектеп клубтарының облыстық қауымдастығына қабылданған мүшелердің антын қабылдап, төсбелгілері тақты.
Сонымен қатар, слет соңында «Жас қылқалам шебері» номинациясы бойынша  «Адал еңбек  - жарқын өмір бейнесі» тақырыбында өткізілген  сурет байқауының жеңімпаздарын, үздік «Адал ұрпақ» ерікті клуб ұйым иегерлерін құттықтап, марапаттап, марапат иегерлерімен естелік суреттерге түсті.
31 қазан 2021 ж. 744 0