№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » ӘМСҚ басшысы 2021 жылдың I тоқсанының қорытындысы бойынша медициналық көмекті қаржыландыру туралы айтты

ӘМСҚ басшысы 2021 жылдың I тоқсанының қорытындысы бойынша медициналық көмекті қаржыландыру туралы айтты


Бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының Басқарма Төрағасы Болат Төкежанов журналистерге 2021 жылдың I тоқсанының қорытындысы бойынша медициналық көмекті қаржыландыру қорытындылары және халықтың МӘМС жүйесіне қатысуы туралы айтып берді.
2021 жылы халыққа медициналық көмек көрсетуге 1,8 трлн теңге, оның ішінде тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі (ТМККК) – 1,1 трлн теңге, МӘМС – 700 млрд теңге қарастырылған.
1 сәуірдегі жағдай бойынша Қор 1,46 трлн теңге сомасына 1 363 жеткізушімен халыққа медициналық қызмет көрсетуге шарттар жасады.
Б.Төкежанов биыл қазақстандықтар үшін амбулаториялық-емханалық және стационарды алмастыратын көмек қолжетімді болатынын, ауылдық денсаулық сақтауды, скринингтік бағдарламаларды, мейірбикелік көмекті, патронаждық қызметті қолдау көзделгенін атап өтті. Қаржыландырудың едәуір үлесі балалар денсаулығын сақтауға көзделген. Атап айтқанда, ерекше қажеттіліктері бар балаларды медициналық оңалту - ЭКО және «Қамқорлық» квоталарын ұлғайту бойынша «Аңсаған сәби» бағдарламаларын іске асыру. Қосымша қаражат антенаталды бақылауды жүргізуге – 29,7 млрд теңге, 0-ден 5 жасқа дейінгі балаларды профилактикалық тексеруді жүргізуге - 12 млрд теңге, сондай-ақ мектеп медицинасын дамытуға - 22,5 млрд теңге бөлінді.
ӘМСҚ басшысы 1-тоқсандағы медициналық көмек көрсету қорытындылары денсаулық сақтау жүйесінің жалғасып жатқан коронавирус пандемиясының қиын жағдайындағы жұмысқа бейімделгенін көрсетіп отырғанын, халыққа көрсетілген медициналық қызметтердің өсу серпіні байқалып отырғанын атап өтті.
«Емханалар деңгейінде консультативтік-диагностикалық көмек көлемі артты. Қаржыландырудың өсуіне байланысты бұл қызметтер 2020 жылдың I тоқсанымен салыстырғанда 20%-ға өсті. 37,7 млрд теңге сомасына 22,4 млн қызмет көрсетілді. Бұл 2020 жылдың I тоқсанымен салыстырғанда 3,4 млн қызметке артық», - деп атап өтті.
Айта кету керек, 80% жағдайда консультациялық-диагностикалық қызметтерге ақы төлеуді Қор МӘМС қаражаты есебінен жүргізеді. Ең алдымен, бұл жоғары дәлдіктегі диагнозға қатысты - КТ және МРТ.
Нысаналы топтардағы пациенттерді дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етуге ерекше көңіл бөлінеді. 2021 жылы амбулаториялық дәрі – дәрмекпен қамтамасыз етуге 152,4 млрд теңге бөлінді, оның ішінде ТМККК шеңберінде – 122,3 млрд теңге, МӘМС-30,1 млрд теңге. Қор қажетті дәрі-дәрмектерді сатып алудағы кідірістерге жол бермеу үшін алдын ала аванстық төлемдер түрінде дәрі-дәрмектерді сатып алуға қаражат бөлетіні туралы атап өткен жөн. 
Жалпы, дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етілген пациенттер саны 1,5 есеге ұлғайды. Егер 2020 жылдың I тоқсанында бұл 74 мың пациент болса, биыл қажетті дәрі-дәрмектермен 190 мың адам қамтамасыз етілді. Қор Денсаулық сақтау басқармаларының алдында дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етуге жататын барлық пациенттерді қамту туралы мәселені бірнеше рет көтерді. Биылғы жылы осы проблеманы шешуде ілгерілеу байқалады және алдағы уақытта да осы мәселеге мониторинг жүргізілетін болады, себебі Қор СҚ-Фармация және пациенттерді дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етуді қаржыландыру бойынша медициналық ұйымдар алдындағы өз міндеттемелерін толық орындайды.
Медициналық сақтандыру Қоры консультациялық-диагностикалық көмектің қолжетімділігін жақсарта отырып, ауылдық медицинаны дамытуды қолдайды. Өткен жылы шалғайдағы ауылдық елді мекендердің тұрғындары үшін 100 жылжымалы медициналық кешен сатып алынды. Осылайша, бүгінгі күні ауыл тұрғындарына барлығы 149 ЖМК қызмет көрсетеді, олардың ішінде бейінді мамандардың консультацияларын алуға, скринингтерді қоса алғанда, тексерулерден өтуге, зертханалық талдаулар тапсыруға, ауруханаға жатқызуға жолдама алуға, вакцинация жасауға болады. Бірінші тоқсанда «жылжымалы емханалар» деп аталатын мобильді медициналық кешендер арқылы ауыл тұрғындарына 231,9 млн теңге сомасына 120 мың қызмет көрсетілді.
Брифинг барысында Болат Төкежанов I тоқсанда МӘМС жүйесіне жарналар мен аударымдар түрінде 183 млрд теңге түскенін хабарлады. Ең көп соманы мемлекеттің жеңілдік берушілер үшін жарналары құрады – 95,4 млрд теңге немесе барлық түсімдердің 52%. Өз қызметкерлері үшін жұмыс берушілердің аударымдары жалпы сомада 44,4 млрд теңге (24%), қызметкерлердің жарналары – 35,2 млрд теңге (19%) қалды. Жеке кәсіпкерлер, БЖТ төлеушілер, азаматтық-құқықтық шарттар бойынша жұмыс істейтін дербес төлеушілер жарналарының үлесі 5% құрады. 1 сәуірдегі жағдай бойынша Қазақстан халқының 84,4% - ы медициналық сақтандыруға қатысушы болып табылады, бұл 15,9 млн адам.
I тоқсанның қорытындылары туралы айта отырып, коронавируспен күресу үшін іс-шараларды қаржыландырудағы қордың рөлін атап өткен жөн. 
«Қаржыландырудың негізгі сомасы COVID-19-бен күреспен айналысатын медицина қызметкерлерінің жалақысына үстемақы төлеуге көзделген. Қаңтарда 50,5 мың медицина қызметкері 13,9 млрд.теңге сомасында үстемеақы алды, ақпанда 51,7 мың қызметкер 13,8 млрд. теңгеге үстемеақы алды. Наурыз айында төлемдер сомасы 53,2 мың қызметкерге 14,7 млрд теңгені құрайды», - деп хабарлады Болат Төкежанов.
Сонымен қатар, коронавирустық инфекциямен күрес аясындағы іс-шараларды қаржыландыру 71,6 млрд теңгені құрады. Оның ішінде: медициналық көмекке және КВИ таралуын болдырмау жөніндегі қызметтерге – 15,6 млрд теңге, карантиндік және инфекциялық стационарларда 95 мыңнан астам адам емдеуге жатқызылды және емделді; ПТР диагностика қызметтеріне – 10,3 млрд теңге, 1,3 млн. ПТР-тест өткізілді; мобильді бригадалардың шығуларына – 3 млрд теңге, 526,9 мың шығу жүргізілді; үйдегі стационарлардың қызметтеріне – 33,3 млн. теңге, үйде 1057 пациент емделді.
Қор пациенттердің құқықтарын қорғау бойынша жұмысты жалғастыруда. 1406 байланыс орталығы, «Qoldau 24/7» мобильді қосымшасы, Қордың www.fms.kz сайты Telegram-қосымшасындағы Saqtandyrybot сияқты Қордың ресми кері байланыс арналары, Денсаулық сақтау министрінің блогы және денсаулық сақтау министрлігінің сайты арқылы 1 тоқсанда 250 мыңнан астам өтініш түсті. Оның 2475 халықтан түскен шағым.
«Шағымдардың Топ бесеуін медициналық көмек көрсетуден бас тарту (35,7%), көрсетілген медициналық қызметтердің сапасы (20,3%), ақылы негізде ТМККК және МӘМС кіретін қызметтерді алуға жолдамалар (10,7%), ақпараттық жүйелерде нақты көрсетілмеген қызметтерді анықтау (10,6%), дәрілік препараттармен қамтамасыз етуден бас тарту (8,5%) мәселелері құрайды», - деді Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының Басқарма Төрағасы.
Болат Төкежанов бұл мәселелерді жүйелі түрде шешу үшін өңірлер деңгейінде денсаулық сақтау объектілерінің инфрақұрылымдық қамтамасыз етілуін арттыру, кадрлық қамтамасыз ету бойынша жұмыстар жүргізу, сондай-ақ барлық медициналық ұйымдарда бар пациенттерді қолдау және ішкі аудит қызметтерінің жұмысын күшейту қажет екенін және олардың міндеті пациенттің құқықтарын қорғау екенін атап өтті.
Брифинг барысында Болат Төкежанов халыққа көрсетілген медициналық қызметтердің сапасы мен көлеміне мониторинг жүргізу туралы айтып берді. 1 тоқсанның қорытындысы бойынша Қор сарапшыларымен 203,6 мың ақау анықталды, айыппұлдарды есепке алғанда сомасы 3,5 млрд теңгені құрады.  Оның ішінде нақты көрсетілмеген қызметтер айыппұлдарды есепке алғанда 29,3 млн теңге сомасына 3 823 жағдайды құрады.
«Биылдан бастап, жеткізушілер тарапынан бұзушылықтардың алдын алу үшін Қор проактивті мониторинг енгізді. Енді ақаулықты анықтаған кезде, жеткізуші 45 күн ішінде қателерді жоюы керек. Әйтпесе, оны айыппұлдар күтіп тұр. Бұл жаңалық медициналық қызметтердің қолжетімділігі мен сапасын арттыруға және жеткізушілермен сенімді қарым - қатынас жасауға көмектеседі», - деп атап өтті Қор басшысы.
Осылайша, жыл басынан бері 610 млн теңге сомасына 61 362 әлеуетті ақау анықталды. Проактивті мониторинг қорытындысы бойынша 61 мың ақаулықтың тек 10,4 мыңы бойынша медициналық ұйымдарға айыппұл салынды. 
«Бірінші тәжірибе медициналық ұйымдар жағдайды түзетуге және одан әрі ақауларға жол бермеуге мүдделі екенін көрсетті, ақауларды жасырудың  «қатал» практикасы еңсерілді, ол ақауларды талдауға, себептерін анықтауға және жағдайды жоспарлы түрде түзетуге мүмкіндік бермеді», - деп атап өтті Болат Төкежанов.
12 мамыр 2021 ж. 408 0