№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Сарбаздар сапта тұр

Сарбаздар сапта тұр


Елдің тыныштығын күзететін сарбаздар қашанда атқа қонуға дайын тұруы тиіс. Бұл әскерилерге қатысты ғана емес, елдің әрбір азаматының ортақ міндеті. Запастағы офицерлер мен сарбаздардың дайындығын пысықтайтын арнайы оқу-жаттығу жиыны өтті. Оған Жаңақорған ауданының әкімі Руслан Рүстемов, аудандық мәслихат депутаты Нұрлат Байгенже және т.б бірқатар азаматтар арнайы барды. 




Күздің адамға берер сыйы көп. Бұл күз сезімге толы сағынышты күндерді де сағындырады...
Күрең күздің кезекті күні Жаңақорған ауданының әкімі Руслан Рүстемов жол бастады. Бағыт – Жаманбай батыр ауылдық округі. Нақтысын айтқанда, «Талдысу» лагерін бағдарладық.
Онда Жаңақорған ауданының аумақтық қорғаныс батальонының арнайы тактикалық оқу-жаттығу жиыны өтуде екен.

Бізді Қызылорда облысының аумақтық қорғаныс бригадасының 99215 әскери бөлімінің командирі, полковник Керімбай Ойықбаев күтіп алып, аудан басшысына оқу-жаттығу жиынының барасы жөнінде баяндады.
Сосын жол бастап, топ-топқа бөлінген резевтегі сарбаздардың дайындығын бақылады.
Әскери инженерлік, тыңшылық, саптық, қаруды шашып-жинау, радиациялық химиялық және биологиялық қорғаныс дайындығы пысықталуда екен. Яғни бір тобы қаруды шашып-жинап жатса, енді бірі әр позицияда (жатып, отырып, тұрып) қаруды атуда, бірі сапта жүру және ән айтып, әскери тәртіп пен талапқа жүгініп жүр.

Сарбаздардың ең жасы – 24, үлкені – 52 жаста. Арасында әскер қатарында болмаған азаматтар да бар.
Аудан әкімі, 10 аумақтық қорғаныс батальонының басшысы Руслан Рүстемов сарбаздарға қарап:
– Ердің ептілік, төзімділік, жылдамдық қабілетін шыңдайтын әскери өмірге бейімделіп, әскери білім-білікті арттыру әрбір азаматтың асыл міндеті. Сіздер өз еріктеріңізбен сапқа тұрып, азаматтық таныттыңыздар. Іске сәт! – деп жалынды сөздерін айтты...

29 қазанда "Бесарық" су қоймасын диверсиялық топтан азат ету операциясы ұйымдастырылатынын білдік. Бұған Руслан Рүстемұлы аранайы келіп қатасытынын жеткізді.
Бізде оқу-жаттығу алыңынан табылып, репортаж жүргізетін болдық.
Сондықтан, достар, күтіңіздер.
Сіздерге әскери өмірдің шынайы көрінісін ұсынатын боламыз..

           Нұрбол БАКИРОВ                                                                                                           
26 қазан 2021 ж. 418 0