Алтын дән - 2019: Жаңақорған – "Озат аудан"
Қызылорда қаласында дала еңбеккерлерінің мерекесі – "Алтын дән – 2019" аталып өтті. Жылдағы дәстүр бойынша дала төсінде тер төккен диқаншылар марапат биігінен көрінді.
Салтанатты шарада агроөнеркәсіп саласы бойынша үздік жетістіктерге жеткен озаттар марапатталды. Биыл құрметке бөлінген жаңақорғандықтардың саны 11-ге жетті. Аудандық ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы Тұрғанәлі Базарбаев бастаған шаруашылықтар туралы толық мәліметті газеттің келесі санынан оқи аласыздар. Соның арасында әріптесіміз "Озат тілші" атанған Әлібек Жарықбаев та бар.
Жыл қорытындысы бойынша Жаңақорған ауданы кезекті рет Сыр өңірінде "Озат аудан" атанды. Бұл – дала жұмысына адалдық танытып, терін төккен еңбеккерлердің ортақ жеңісі.
Айта кетейік, 2017 жылы Жаңақорған ауданы "ҮЗДІК АУДАН", 2018 жылы "ОЗАТ АУДАН" атанған болатын. Міне осы үрдісті биыл тағы да қайталадық.
Өсе бер, жайнай бер Жаңақорған!