«Әкімдердің

25 қараша 2024 ж.

№93 (8804) 23

23 қараша 2024 ж.

№92 (8803) 19

19 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
» » Пресс-тур: Тұқым бақтағы тынымсыз тірлік

Пресс-тур: Тұқым бақтағы тынымсыз тірлік


Жазиралы Жаңақорған жерінде Сыр өңірінің журналистері пресс-тур аясында қайта жолықты. Бұл жолғы мақсат аграрлы саладағы тың серпілістер мен кәсіпкерлік бағытындағы бастамалармен танысып, аймақ жұртына кеңінен ақпараттандыру болатын. Жыл басынан бері аудан әкімі Руслан Рүстемовтың бастамасымен бастау алған бұл ақпарат өкілдеріне арналған 3-ші пресс-тур. Осыған дейін аудандағы жаңаша бағыттағы кәсіпкерлік нысандар және киелі мекендер мен көне қалаларға саяхат жасаған болатынбыз. Облыстық телеарна мен газет басылымдарынан келген журналист қауымы алдымен Амантай Сарбасовтың алма бағына бет түзедік.

«7KZ Сыр табиғаты» ЖШС. Амантай Бектайұлының қожалығы осылай аталады. «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» жолының бойында орналасқан серіктестік 2017 жылы құрылған. Жаңақорған кентіндегі «Агроаймақ» маңынан 50 гектар жерге облыс көлемінде алғаш рет жеміс ағаштарының көшетін дайындайтын «Тұқым шаруашылығын» ашып, жеміс көшеттерін дайындаумен айналысуда. 2021 жылы серіктестік 12000 түп жеміс ағашының көшетін (алма, алмұрт, алхоры, өрік,шабдалы, шие) сатылымға шығарды. Сонымен қатар, аталған бақта жеміс ағаштарымен қоса әсем (декоротивный) талдар мен аула гүлдерінің көптеген түрлерін өсіруде. Мәселен, өрік, алхоры, арша, бамбук, туя, қара өрік және тағы басқа жеміс түрлері кездеседі. 10 гектар алма бағын күтімге алып, 1 гектар жерге жылыжай құрылысын салған бағбанның есімін тек аймақ жұрты ғана емес, көршілес облыс халқы да жақсы таниды. Әсіресе, Шымкент шаһары мен Түркістан облысынан тұтынушылар көбірек келеді.
– Алма көшеттері мен піскен өнімге сұраныс биыл артты. Өзіміздің өңір мен көрші облыстардан келетіндер көп. Жаздық алма таусылды, жәрмеңкеге де жиі шығарамыз. Әзірге бақта алманың 12 түрі өседі, жартысы жаздық, қалғаны күздік, яғни қысқа сақтайтын өнім. Біз қазір аналық бақта тұрмыз, жалпы «Мм-106» мен «полкарлик» дәніне басымдық бердім. Яғни жабайы алманың түрі көп, бұл түрі тек біздің елде ғана емес, әлемде сұранысы жоғары.
– Алда қандай жоспарларыңыз бар? 
– Қазір 25-30 гектардай жеміс ағашының көшеті бар, жалпы жер көлемі 50 гектарды құрайды. Әзірге осы аумақты қамтып, келешекте кеңейту жоспарда бар. Алдағы уақытта өнімнен табиғи сусын алуды жоспарлап отырмын. Бұл жөнінде әкімдік хабардар, тек сәл демеп жіберсе болғаны.
– Қосымша қандай кәсіппен айналысасыз?
– Мал және балық шаруасына дем берудемін. 2011 жылы мал шаруасын бастадым, қазір балық өсіру кәсібін қолға алудамын. Қожалықта 30-ға жуық қызметкер бар. Шыны керек, жеміс ағаштарын осы уақытта отырғызған тиімді.
Жер тоң болып қатып қалғанша бұтақ тамырын жерге еге беруге болады. Басты ерекшелік – біздің көшеттер кез-келген жерде көктеп кете алады. Себебі тұқымбақ желдің өтінде. Табиғаты қатал жерде жерсінгендіктен өміршең келеді. Мұны тәжірибенің өзі көрсетіп берді. Ал аяқ су мәселесін құдық қазып шешіп отырмыз, – деді бағбан.
Тұқымбақ шаруашылығы статусын алған. Кәсіп иесі журналистерге ағашты күтіп-баптау, өсіру жолын, құпиясын түсіндіріп, жік-жігімен талдап берді.
Әли ТЕМІРБЕК
23 қазан 2021 ж. 439 0