№93 (8804) 23

23 қараша 2024 ж.

№92 (8803) 19

19 қараша 2024 ж.

№91 (8802) 16

16 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 

Сенбілік сапар


Жұмыс істеймін, халыққа қызмет етемін деген адам аптаның сенбі, жексенбісін де пайдалы іске бағыттайды. Осындай іскерлікті аудан әкімі Руслан Рүстемовтің демалыс күндері елді мекендерді аралағанынан байқадық. Алдымен делегацияны бастап Төменарыққа, сосын Екпіндіге барды.


Жыл басында аудан әкімінің тапсырмасымен жауапты мамандар Нұр-Сұлтан қаласына арнайы барып, тиісті ведомстволардың есігін қағып, әлеуметтік маңызды жобаларға қаржы тартудың тетіктерін ұсынған-ды. Кездесулер нәтижелі болып, бірқатар жоба қаржыландырылды. Соның бірі –
«Жиделі» топтық құбырынан ауыз су алатын Сунақата, Екпінді және Төменарықтағы ауыз су құбырларын қайта жабдықтауға республикалық бюджеттен 850 млн теңге қаржы бөлінді.
Мемлекеттік сатып алу конкурсының қорытындысы бойынша «Дәнекер» ЖШС мердігер болып табылды. Бүгінде үш елді мекенде жұмыс жүруде, дегенмен қаржының мерзімінде келмеуіне байланысты жұмыс кестесінен кешігіп келеді.
Аудан басшысының сөзінше, «Жиделі» су қоймасынан аудандағы 8 елді мекен және Жаңақорған кенті ауыз су пайдаланады. Алдағы уақытта Қожамберді, Сүттіқұдық, Жайылма елді мекенінде ауыз су желілерін қайта жабдықтауға техникалық жобалар аудандық бюджет қаржысымен әзірленуде. Сондай-ақ аудан орталығының ауыз су жағдайын оңтайландыру үшін Жиделіден Жаңақорған кентіне екінші су құбырын тартуға 2022 жылы қаржы бөлуге жұмыс жүргізілуде.
Руслан Рүстемұлы мердігер компания басшысына жұмысты сапалы орындап әрі уақытылы бітіруді тапсырды.

***
Одан кейін «Самара-Шымкент-Екпінді» жолынан Екпінді ауылына өтетін көпірдің құрылысымен танысты. Аталған көпір 1976 жылы салынған, тозығы жетіп, апаттық жағдайда тұр. Оны реконструкциялау үшін техникалық жоба әзірленді.
Республикалық бюджеттен құрылыс жұмысына қаржының бір бөлігі берілді. Құрылыс жұмысы 2022 жылға өтпелі кезеңмен атқарылады. Жалпы құрылыс жұмысының құны 112 млн теңге болса, биылға 45 млн теңгесі игеріледі. Құрылыстың ұзақтығы – 4 ай.
Жұмыс кестесіне сай құрылыс жүруде. Мердігері «Ремстрой» ЖШС. Компания айналма жолды бітіріп, демонтаж жұмыстарды атқарды.
– Қазір ауа-райы қарасып тұр. Осыны пайдаланып жұмысты сапалы жүргізу керек. Жұмыс қолы мен техника санын арттырып, жұмыс графигіне сай жұмыс істеу маңызды. Бұл көпірді екпінділіктер ұзақ жылдар бойы күтіп отыр, – деп аудан әкімі талап қойды.
Бұл елді мекенге 2021 жылдың сәуір айында облыс әкімі Гүлшара Әбдіқалықова келіп, жаңа көпір салуды тиісті басқарма басшысына тапсырды. Міне, тұрғындардың ұзақ жылдар бойы армандаған көпірінің құрылысы жүруде.

ТҮЙІН. Аудан әкімінің сенбілік сапарынан елді мекендерде халықтың әлеуетін арттыруға бағытталған ауқымды жұмыстар жүріп жатқанын біліп қайттық.

Нұрбол БАКИРОВ
12 қазан 2021 ж. 378 0