№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Мемлекеттік қызметшіге талап күшейді

Мемлекеттік қызметшіге талап күшейді


Ұлы Абай: «Адам баласы адам баласынан ақыл, ғылым, ар, мінез деген нәрселермен озады» деп бекер қозғамаса керекті, қазіргі мемлекеттік қызметтің де талабы дәлме-дәл осы сыни тұрғыдан айқындалатынын айтқан ләзім.  
Бүгінгі таңда мемлекеттік қызметке жаңадан қосылатын қызметкерлер болсын немесе мемлекеттік қызметте жүргендердің сатылап өсуіне мемлекет тарапынан барлық жағдай жасалынған. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызметі туралы Заңына толықтырулар мен өзгерістер еніп, оның ауқымдылығы артты, жауапкершілігі артты, ең бастысы, мемлекеттік қызметкерлерді қолдау мен қорғау шаралары күшейтілді.
Алайда аудан көлемінде әлдебір қызметке бос лауазым қалыптасқан жағдайда құрметті қарияларымыз бен беделді кәсіпкер ағаларымыз өздерінің туыс-ағайындары немесе сыйлас таныстарын ертіп келіп, өтініш айтып жатады. Олар өз дегенін өткізгісі келіп, қазақы менталитетке қан жүгіртуге әуестеніп алғаны болмыс-бітімінен айқын аңғарылып тұрады. Үлкендік жолын сыйлап, мемлекеттік қызметкердің әдебін сақтап, сыпайы түрде түсіндіріп, мемлекеттік қызметке орналасудың талабын түсіндіруге ты­рысамын, бірақ белден басуға, бекітілген қағиданы ысырып тастауға үйірсектеп, өз пікірін ғана дұрыс көріп те жатқандары кездесіп жатады. Қысқасы, түсінгісі келмейді.
Қазіргі кезде заңның талабы мен мемлекеттің мақсаты біреу ғана.  Кәсіби деңгейі, қызметтік өтілі, білімі мен біліктілігі сай келгенде ғана талапкер қызметке келеді. Ал, кейбір тұлғалар ықпалды ағаларына арқа сүйеп келеді. Бірақ қызметте өсудің  осы жолы күн өткен сайын кесіліп, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызметі туралы заңымен шектелгенін айтып өтуге тиістімін. Сөйте тұра талапкерлер конкурс талаптарына сәйкес келмей, сынақтан өте алмаса да реніштерін білдіріп жатады. Тіпті арыз-шағым да түсіріп жатады. Әлеуметтік желіде әртүрлі бағытта жалған әңгімелер жазып, қоғамның назарын өзіне аудартып, атқарушы билікті кінәлау да белең алып барады. Осындай қоғамдағы қарама қайшылық билікке деген сенімге селкеу түсіріп жатқаны жасырыны емес.
Өзіне сенген, ісіне мығым адам екіұшты пікірден аулақ, ол өйткені орнын, биігін біледі. Мәселен, Шалқия кентінің тұрғыны Назым Кенжалықызы әлеуметтік желінің белсенді қолдану­шысының бірі. Кезінде жұмыссыз ретінде аудан әкімі аппаратына дейін келіп, өзінің білімділігін көрсетіп, таныстыққа жол бермей, өзінің қабілет-қарымын дәлелдеп, аудандағы қаржы саласындағы бір бөлімнің есепшілігіне қабылданды. Онымен шектеліп қалмастан, кәсіби деңгейін жан-жақты айқындап, аудан көлеміндегі білдей қаржы саласындағы екі бөлімдегі бос орындарға бір мезетте конкурсқа қатысып, талапкерлер арасынан  озық шықты.
Сонымен қатар ол «Шалқия Цинк ЛТД» АҚ-ның кен орнындағы конкурстан да бағы жанды. Сөйтіп бір мезетте 3 жұмыс орнына жарияланған конкурстың жеңімпазы атанды. Алайда, талапкер конкурс қорытындысымен жеңімпаз атанған мемлекеттік қос қызметтен бас тартып, өндіріс саласындағы жалақының мөлшері артықтығын ескеріп, кен орнын таңдады. Міне, бұл – сәйкестік те емес, сыбайластық әрекетке де жатпайды, тамыр-таныстықтың белгісі де байқалмайтын таза білімді маманның жеңісі деп бағаланды.
Осындай озық ойлы, іскер, қалаулы әріптестеріміз арамызда баршылық. Солардың ішінен меритократия қағи­даты негізінде Қыркеңсе ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы қызметінен бастап, бүгінде Жаңақорған кенті әкімінің орынбасары лауазымына көтерілген Жасұлан Бейсенбеков айтуға болады. Бұл тізімді аудан әкімі аппаратының ұйымдастыру-бақылау бөлімінің бас инспекторы Марат Абсадықовпен жалғастыруға болады. Аталған екі қызметкер ағымдағы жылы мемлекеттік қызметшілер мерекесіне орай Қазақстан Республикасы Мемле­кеттік қызмет істері Агенттігінің Қызылорда облысы бойынша Депар­таментімен ұйымдастырылған облыс­тық пікір сайыста үздік атанды.
Мемлекеттік қызмет саласында еңбек етуші барлық қызметкердің іс сапасы, халықпен жұмыс жасау тәжірибесі, біліктілігі үнемі сараптамадан өтетіні, сол арқылы кәсіби деңгейі бағаланып отыратыны назарда тұрақты ұсталады.  Алдағы уақытта Әдеп жөніндегі уәкіл ретінде мемлекеттік қызмет саласында оң имидж қалыптастыру мақсатында елеулі үлес қосқан қызметкерлерді көтермелеу мақсатында ұсыным да берілетін болады. Осы бағытта жаңа есімдердің топтамасы шығатынына үміттіміз.
Оған негіз Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен Пре­­зиденттік жастар кадр резервіне мем­лекеттік қызмет атқарып жүрген жас мамандар үміткер ретінде талаптануда. Міне, осындай тиімділікке қол жеткізу үшін талапкер де, қызметкер де өзін мансапқор емес, мақсатқор болуға талпыну керек. Бір сөзбен айтқанда, мемлекеттік қызметкер халықтың қызметшісі болуға тиісті. Сондықтан конкурстар ашық тұрғыда өткізілуде.
Еске сала кетейін, алдымен конкурс өткізілетін бос орындар туралы хабарламалар Мемлекеттік қызмет істері Агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаменті мен аудан әкімдігінің сайттарында жарияланады. Хабарландыру республика көлемінде жүргізіледі. Хабарламада біліктілік талабына сәйкес келетін барлық азамат қатысуға құқылы. Конкурстың әңгімелесу сатысына әртүрлі қоғамдық ұйым өкілдері бақылаушы ретінде қатыса алады. Әңгімелесу сатысы бейне, аудио жазбаға толық түсіріледі. Сонымен қатар жоғарыдағы айтып өткен Мемлекеттік қызмет істері Агенттігінің Қызылорда облысы бой­ынша департаменті тікелей бейне байланыс арқылы қатысуы заңмен міндеттелген. Сондықтан конкурс бары­сында тамыр-таныстыққа немесе сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне жол берілмейді.
Бақтияр АХМЕТОВ,
аудан әкімі аппаратының басшысы,
Әдеп жөніндегі уәкіл
02 қазан 2021 ж. 321 0