№24 (8735) 23

23 наурыз 2024 ж.

№23 (8734) 19

19 наурыз 2024 ж.

№22 (8733) 16

16 наурыз 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031
» » МӘСКЕУДЕ ӨТКЕН ӘЛЕМ КУБОГІНДЕ ҚЫЗЫЛОРДАЛЫҚ СТУДЕНТТЕР ЧЕМПИОН АТАНДЫ

МӘСКЕУДЕ ӨТКЕН ӘЛЕМ КУБОГІНДЕ ҚЫЗЫЛОРДАЛЫҚ СТУДЕНТТЕР ЧЕМПИОН АТАНДЫ



Мәскеуде 17-20 қыркүйек аралығында «Әлем Кубогы» өтті. Сайысқа әлемнің 500-ден аса таңдаулы каратэшілер қатысты. Еліміздің намысын қорғаған спортшылардың қатарында Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университетінің студенттері 67 кг салмақта Бақдәулет Кубаш, 75 кг салмақта Дамир Камал және Фархад Жарылқасын бар. Тартысты додада студенттеріміз жеңіс тұғырынан көрініп, 1-орын иеленді.

«Әрине жеңіске жету оңайға түспеді. Бұл қаншама еңбектің, төккен тердің нәтижесі. Дегенмен бізге мұнымен тоқтауға болмайды. Алдымызда үлкен жоспарлар тұр. Соған жету үшін жаттығуымызды тоқтатпай, әрі қарай дайындалатын боламыз. Бұл жеңісімізді Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арнаймыз»,-деді Дамир Камал.
Айта кетейік, университетте Әлем чемпионатының жеңімпазы  мен жүлдегерлері - 9, Азия чемпионатының жеңімпазы мен жүлдегерлері – 27 және 120 Қазақстан чемпионатының жеңімпазы мен жүлдегері бар. Спортшыларымыз Қазақстан Республикасының намысын қорғап, ұлттық құрама команда сапасында жаттығады.
23 қыркүйек 2021 ж. 265 0