№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Жердің ырысы жәрмеңкеде көрінді

Жердің ырысы жәрмеңкеде көрінді


Нұр-Сұлтан қаласындағы «Хан Шатыры» сауда орталығы жанында екі күндік ауылшаруашылық жәрмеңкесі өтті. Онда Сыр өңірінің 70-ке жуық диханы мен кәсіпорыны 40 жүк автокөлігімен жалпы құны 100 млн теңгені құрайтын 400 тоннаға жуық өнімді елордалықтарға ұсынды. Біз жәрмеңкеге арнайы барған азаматтар мен бас қаланы қоныс еткен жерлестермен байланысып, мән-жайға қанықтық.


Сырбойылықтар жәрмеңкеге 140 тонна күріш, 20 тонна балық және балық өнімдері, 150 тонна бақша өнімдері, 40 тонна асқабақ, 40 тонна көкөніс пен жеміс-жидек, 3 тонна ас тұзы, 5 тонна сүт және кондитер өнімдерін қолжетімді бағада саудалады. Жаңақорған аудан­дық ауылшаруашылығы бөлімінің мәлі­ме­тінше, жәрмеңкеге 40 тонна қауын-қарбыз, 8 тонна қызанақ, 5 күріш, 10 көкөніс пен жеміс-жидек апарды.
– Нұр-Сұлтан қаласының тұрғындары ауылшаруашылығы жәрмеңкесін асыға күтеді. Оның дәлелі, бірінші күні-ақ жаңақорғандықтар апарған тауарының басым бөлігін саудалады. Әсіресе, біздің қызанақ пен күрішке қызығушылар көп болды, – дейді бөлім басшысы Талғат Зейдалиев.
Арқа төріндегі тұрғындар Қызылорда облысының брендіне айналған балығы мен ас тұзы, қауыны мен қарбызынан дәм татуда. Елорданы қоныс еткен жерлестер бізден баратын жәрмеңкені асыға күтеді екен. Бұл жөнінде сонда қызмет ететін Сағат Сәрсенбайұлы айтып берді.
– Жылда қызылордалықтардың жәр­мең­кесін асыға күтеміз. Бірінішіден, туған жердің құнарлы ауылшаруашылық өнімдері – күріш пен картопты қысқа жететін деңгейде сатып аламыз. Екін­шіден, туған жерге деген сағынышты басамыз, – дейді ол.
Жалпы Қызылорда өңірінде ауыл шаруашылық өнімдерін өндіру және агроөнеркәсіптік кешен жүйесін тиімді жүргізу мәселелері жолға қойылған. Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығының ішінде аймақтың аграрлық саласында айтарлықтай жетістіктерге қол жеткізілді.
Атап айтқанда, соңғы 10 жылда облыстың жалпы өңірлік өнім құры­лымдағы ауыл шаруашылығының үлесі 4,3 пайыздан 5,9 пайызға дейін ұлғайған.
Мал шаруашылығын дамыту бой­ынша да жүйелі жұмыстар жүргізіліп, нәтижесінде ірі қара мал басы 1,5 есе, жылқы 2,3 есе, түйе 2 есе өсті. Төрт түлікті түлетуде біздің ауданның үлесі қомақты. Мәселен, облыс бойынша 660 мың қой болса, соның 310 мыңы біздің ауданда. Мүйізді ірі қара бойынша да көш ілгеріміз. Бізде 76 мың бас болса, Шиеліде 74 мың, Аралда 56 мың, Қазылыда 46 мың бас мүйізді ірі қара бар. Яғни Сыр өңіріндегі төрт түліктің тең жартысы біздің ауданда деген сөз рас.
Биылғы жылы да облыстың жалпы егіс көлемі 3,9 мың гектарға ұлғайып, барлығы 188,1 мың гектар жерге ауыл шаруашылығы дақылы егілді. Оның ішінде дәндi дақылдар 96,6 мың гектар, майлы дақылдар 6,7 мың гектар, мал азықтық дақылдар 66,4 мың гектар, картоп, көкөнiс, бақша 18,3 мың гектарды құрады. Негізгі дақыл, күрiштің көлемі 83,6 мың гектар. Егілген күріштен жоғары өнім алу мақсатында күріш егісіне 100 процент жоғары репродукциялы тұқымдар себілді. Облыста күрішке орақ салу жұмысы 26 тамыздан басталды. Бүгінгі күні 4 716 гектар күрішке орақ салынып, оның 2 495 гектары бастырылды. Әр гектардан орташа 42,3 центнерден өнім алынуда.
Аудан бойынша дәндi дақылдың көлемі 12 651 гектарды болса, оның ішінде, күріш – 6998 гектар, күздік бидай – 4592 гектар, жаздық бидай – 225 гектар, жаздық арпа – 50 гектар, дәндік жүгері – 526 гектар, тары – 260 гектар, майлы дақылдар – 2 054 гектар, мал азықтық дақылдары – 19 663 гектар, картоп, көкөнiс, бақша – 3077 гектар құрады.
26 тамызда күрішке орақ түсіп, 970 гектары бастырылып, әр гектарынан 46 центнерден өнім алынуда.
Облыстың ауыл шаруашылығы өнім­дері әлемнің 16 мемлекетіне экс­портталады десек, оның 95 пайызы күріш өнімі. Атап айтқанда, Ирак, Ресей, Украина, Қырғызстан, Беларусь, Әзірбайжан, Моңғолия, Тәжікстан, Өз­бек­станға күріш жіберілуде.
14 қыркүйек 2021 ж. 350 0