Соңғы жаңалықтар

АДАМ ДОСЫМЕН МЫҚТЫ

03 қыркүйек 2026 ж. 530

№67 (8981) 5

05 қыркүйек 2026 ж.

№66 (8980) 1

01 қыркүйек 2026 ж.

№65 (8979) 29

29 тамыз 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930 
» » Ashyq сервисін көшіріп қайталайтын алаяқ сайт анықталды

Ashyq сервисін көшіріп қайталайтын алаяқ сайт анықталды


Пайдаланушы аталған сайтқа тап болғанда, оның телефон нөмірі мен ЖСН-і сұралып, одан соң айыппұлдарының бар екені хабарланады. Айыппұлдарды  Kaspi немесе HomeBank арқылы төлеу ұсынылады.

Одан әрі ол банктердің ресми сайттарының орнына айлакерлер пайдаланушыларды фишингтік ресурстарға көшіреді. Егер пайдаланушы Kaspi арқылы төлеуді таңдаса, онда ол телефон нөмірі мен Kaspi.kz аккаунтының паролін толтыруы қажет. Ал егер HomeBank арқылы төлеуді жөн көрсе, онда не HomeBank-тегі банк есепшотының сәйкестендіргішін, не болмаса myHalyk аккаунтының логинін немесе пайдаланушының сенімді нөмірін ұсынуы тиіс болады.
Алаяқтық әрекеттің келесі қадамы - аккаунт паролін сұратып, пайдаланушының банк аккаунтына өту. Осындай жолмен алаяқтар азаматтардың дербес деректерін және банк есепшоттарының, есептік жазбалары мен аккаунттарының авторизациялық деректерін қолға түсіріп, олардың ақшалай қаражаттарына заңсыз иелік етуі мүмкін.
10 қыркүйек 2021 ж. 619 0