№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Енді Kaspi Gold-ты үйден шықпай-ақ ашуға болады . Ол қалай?

Енді Kaspi Gold-ты үйден шықпай-ақ ашуға болады . Ол қалай?

Kaspi.kz төтенше жағдай кезінде көмекке келді. Қаржылық құрылым тағы да инновациялық қырынан танылып, карантин аяқталғанша, халықтың үйде болуына септеспек, деп хабарлайды «Хабар 24» сайтына сілтеме жасап "Жаңақорған тынысы".

Енді әлеуметтік төлемге қажет шот ашу үшін банкке келудің қажеті болмайды. Алдағы жұмадан бастап шотты Kaspi.kz ұялы қосымшасында үйде отырып-ақ ашуға болады. Мемлекеттен көмек ретінде 42 500 теңге жәрдемақы беріледі деген кезде банктерде ұзын-сонар кезек пайда болды. Әлеуметтік төлем сол банктегі есеп шотқа түседі делінген болатын. Сондықтан шот нөмірінің болуы міндеттелді. Ал карантин кезінде халықтың жиналуына тыйым салынған. Десе де тұрғындар шот нөмірін алуға қаржы ұйымдарына баруға мәжбүр болды.    Бұл жолы да қазақстандықтарға Kaspi.kz жетекші инновациялық компаниясы көмекке келіп, ерекше сервисті іске қосты. Алдағы жұмадан бастап Kaspi Gold шотын үйден шықпастан, Kaspi.kz қосымшасында онлайн ашуға болады. Михаил Ломтадзе, Kaspi.kz басшысы: – Біз карантин кезінде қазақстандықтардың әлеуметтік төлемді алу үшін шот ашуға банктердің бөлімшесіне барып жатқанын көріп, қатты қобалжыдық. Осыған орай командамыз рекордтық мерзімде ең заманауи технологияларды қолдана отырып, инновациялық сервисті іске қосты. Клиенттерімізге айтқым келеді. Енді бөлімшеге барып, кезекте тұрудың қажеті жоқ. Бұдан былай үйден шықпастан, Kaspi Gold шотын Kaspi.kz қосымшасында ашып, әлеуметтік көмекті алу үшін пайдалануға болады. Айдана Аллажарқызы, Kaspi.kz клиенті: – Мен шотты банк бөлімшесінде ашуға тырыстым. Бірақ кезек көп. Үйде баламды қарайтын адам жоқ. Сондықтан үйде отырып, смартфонда шот ашып, жәрдемақы алуға пайдалана алатыным үшін қуаныштымын. Цифрлық сервистерді қолдану тиімді әрі ыңғайлы екенін бәріміз де жақсы білеміз. Ал қазіргі жағдайда әрі қауіпсіз. Kaspi.kz көмегімен Kaspi Gold шотын ашып, әлеуметтік төлемге қажет шот нөмірін алуға болады. Карточканы дәл қазір алудың қажеті жоқ. Оны төтенше жағдай мерзімі біткен соң да алсаңыз болады. Сондай-ақ Kaspi.kz қосымшасы арқылы картасыз аударым жасап, төлем төлеп, сауда істеумен қатар, Kaspi-банкоматтан комиссиясыз ақша да шешуге болатынын еске саламыз. 

09 сәуір 2020 ж. 1 103 0