№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » ІНДЕТ ЖҰҚТЫРҒАНДАРДЫҢ 82 ПАЙЫЗЫ ЖАЗЫЛДЫ

ІНДЕТ ЖҰҚТЫРҒАНДАРДЫҢ 82 ПАЙЫЗЫ ЖАЗЫЛДЫ



Жыл басынан бері облыс бойынша 14859 адамның індет жұқтырғандығы анықталса, бүгінде оның 82 пайызы жазылған. Ал, пневмониямен ауырған 2019 науқастың 1741і яғни 86,2% емделіп шықты. Бұл туралы бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Жалғасбек Үсенов мәлімдеді
.
Аймақтағы эпидемиологиялық ахуал қатаң бақылауда. Қазіргі таңда инфекциялық төсек-орын саны 2160, оның ішінде реанимациялық төсек-орын саны 164, бүгінге жүктеме 49,5 пайызды құрап отыр. Резервтік орын санын қосқанда 3200 төсек-орны әзірленіп, оның 518 орны орталықтандырылған оттегімен жабдықталған.
"Облыста режимді түрде 6 оттегі шығару станциясы жұмыс жасауда.Дәрі-дәрмек қоры қалыптасқан. Коронавирус инфекциясына қарсы күрес жұмыстарына қажетті медициналық кадрлармен құрал жабдықтар жеткілікті. Атап айтқанда, медициналық ұйымдар 686 оттегі концентратор, 251 ӨЖЖ, 8 компьютерлік томограф, 66 рентген аппаратымен қамтылған. 11 ПТР аппараты іске қосылған. Тәулігіне 1300-1500 аралығында сынама алынуда. Қажеттілік туындағанда зерттеу санын 3500-ге дейін жеткізуге мүмкіндігіміз бар», - деді облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары.
Сонымен қатар, облыста ұжымдық иммунитетті қалыптастыру мақсатында екпе алуға қабілетті 401 мың тұрғынның 65,9%-ы яғни 264 502 адам вакциналанды.
24 тамыз 2021 ж. 340 0