№93 (8907) 6

06 желтоқсан 2025 ж.

№92 (8906) 2

02 желтоқсан 2025 ж.

№91 (8905) 29

29 қараша 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031 
» » Қызылордада 130 карантин талабын бұзу дерегі анықталды

Қызылордада 130 карантин талабын бұзу дерегі анықталды


Kyzylorda-news.kz. Қызылорда облысында мониторингтік топ мүшелері тамыз айының алғашқы күнінен бастап 130 карантин талабын бұзу дерегін анықтаған.

Қазіргі таңда аймақта мониторингтік топтың жұмысы күшейді. Аталған топ 12 803 нысанға рейд жүргізсе, нәтижесінде 545 карантин талабын бұзу жағдайы анықталды. Тәртіпке бағынбағандарға 37,7 млн. теңге айыппұл салынды.
Тамыз айында мониторнигтік топ 705 нысанға тексеру жұмыстарын жүргізген. Онда 130 карантин талабын бұзу жағдайын анықтап, 5,7 млн. теңге айыппұл арқалатты.
Індет өршіп, карантин талабын сақтау үздіксіз жүргізілгенімен халық арасында той өткізу тыйылар емес. Мобильдік топ мүшелері жұртшылыққа түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, той иелерінен түсініктеме алып, жинақталған материалдар заңды шешім қабылдау үшін құзырлы органдарға жолданды.​

19 тамыз 2021 ж. 252 0