Топ-баннер

№13 (8927) 17

17 ақпан 2026 ж.

№12 (8926) 14

14 ақпан 2026 ж.

№11 (8925) 10

10 ақпан 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Ақпан 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
232425262728 
» » » 23 қыркүйек ауа райы болжамы

23 қыркүйек ауа райы болжамы

Қазгидрометтің мәліметінше 23 қыркүйек күні бірнеше қалада жаңбыр, бұршақ, тұман, найзағай күтілуі мүмкін.

Қостанай облысының кей жерлерінде найзағай, тұман, бұршақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, күші түнде кей жерлерінде 15-20, күндіз 15-20, кей жерлерінде 23-28 м/с, екпіні 30 м/с және одан аса күтіледі. Түнде кей жерлерінде 1-3 градус үсік жүреді. Қызылорда, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде түнде найзағай, дауыл сақталады. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, күші кей жерлерде 15-20 м/с, кей жерлерде 23-28 м/с жетуі ықтимал.Нұр-Сұлтан қаласында 23 қыркүйекте түнде оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с, күндіз 23 м/с жетуі болжанады. Түркістан облысы мен Шымкент, Көкшетау қалаларында да найзағай жарқылдап, дауыл күтіледі. Кей жерлерде шаңды дауыл, оңтүстік-батыстан солтүстік-батыс бағытына ауысатын желдің күші 15-20 м/с жетеді. Маңғыстау облысының кей жерлерінде шаңды дауыл болып, жел 15-20 м/с жылдамдықпен соғады.

22 қыркүйек 2019 ж. 1 450 0