Аралға 12 513 тонна шөп жеткізілді
Бүгінгі күнге дейін Арал ауданына басқа аудандардан 12 513 тонна шөп және 555,1 тонна жем жеткізілді.
Оның 483,9 тоннасы Болат Өтемұратовтың қорының есебінен және 71,2 тоннасы облыстың аудандарымен және басқа облыстардан әкелінген өнімдер болатын. Алдағы уақытта да бұл шаралар жалғасын табатын болады.
Сондай-ақ, қайырымдылық көмек ретінде Шымкент, Жамбыл, Ақтөбе облысы Ырғыз ауданы, Сырдария, Жалағаш, Қармақшы, Қазалы аудандарынан және Қазақстан Мұсылмандары Діни басқармасы қолдау көрсетіп, әлеуметтік жағдайы төмен 2 369 отбасыға 859,8 тонна шөп тегін үлестірілді.
Биылғы жылдың 21 тамыз күнінен бастап облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының ұйымдастыруымен әр аптаның сенбі күні Арал ауданында жем-шөп сатылымы жәрмеңкесі өткізіледі.
Облыс бойынша шөп жинау науқаны қарқынды жүргізілуде.