№1 (8915) 6

06 қаңтар 2026 ж.

№100 (8914) 31

31 желтоқсан 2025 ж.

№99 (8913) 27

27 желтоқсан 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031 
» » Қазақстандық оқушылар 1 қыркүйекте мектепке бара ма?

Қазақстандық оқушылар 1 қыркүйекте мектепке бара ма?

Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов 1 қыркүйекте балалардың мектепке баруы туралы сұраққа жауап берді, деп хабарлайды Stan.kz.

«Бұл өте өзекті сауал. Мұның барлығы санитарлық-эпидемиологиялық жағдайға, біздің жүріс-тұрысымызға байланысты. Егер халықтың басым бөлігін вакцинациялай алсақ, барлық санитарлық-эпидемиологиялық талаптар мен шектеулерді сақтасақ, онда келесі оқу жылында, қыркүйекте білім беру ұйымдарымыз, ең алдымен әрине мектептер ашылады», – деп жауап берді Аймағамбетов. Министр балалар мектепті, достарын, мұғалімдерін қатты сағынғанын атап өтті.
«Мұғалімдер де дәстүрлі форматқа тезірек оралғысы келеді. Бірақ бәрі өзімізге, қоғамға байланысты. Мен вакцинация қарқыны келесі жылы мектептердің ашылып, дәстүрлі форматқа оралуымызға әсер етеді деп үміттенемін», – деп түйіндеді БҒМ басшысы.
28 мамыр 2021 ж. 763 0