Жаңа оқу жылы дәстүрлі форматта басталады
Бүгін ҚР Премьер-Министрі Асқар Маминнің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында оқу жылының басталуына дайындық барысы қаралды.
Жиында Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов жаңа оқу жылына әзірлік жұмыстарын баяндады.
Бүгінде еліміздің 7475 мектебінде 3,4 млн-нан астам оқушы, оның ішінде 1 сыныпта 380 мыңнан астам бала оқиды деп күтілуде. Ведомствоаралық комиссияның және бас санитарлық дәрігердің шешімімен биылғы оқу дәстүрлі форматта жүргізілетін болды.
Айта кету керек, Қызылорда облысында жаңа оқу жылын дәстүрлі форматта оқыту жұмыстарының дайындығы толығымен аяқталды.
Вакцина алған педагогтер жұмысқа жіберіледі. Қазіргі уақытта вакциналауға жататын педагогтердің 95%-ы және білім беру мекемелерінің басқа қызметкерлері екпе алды.
Үкімет жиынан кейін аймақ басшысы Гүлшара Наушақызы оқушылар мен педагогтердің қауіпсіздігі мен денсаулығын сақтауды қамтамасыз ету бойынша мәселелерді тездетіп шешу керектігін айтты. Сонымен қатар, Премьер-Министрдің тапсырмасына сәйкес барлық білім беру ұйымдарының оқу жылын бастауға 100% дайын болуын қамтамасыз етуді, балалардың қауіпсіздігі, тамақтандыру және мектепке жеткізу бойынша барлық мәселелердің шешімін табуды тапсырды.