№93 (8804) 23

23 қараша 2024 ж.

№92 (8803) 19

19 қараша 2024 ж.

№91 (8802) 16

16 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
» » Медиацияға 10 жыл

Медиацияға 10 жыл

Ұлтымыздың даналық жолын дәріптеп, билердің сара жолын жалғаған медиаторлар елдің татулығы мен бірлігін көздейді. Еліміздің Ата заңын құрметтеп, кәсіби мәртебе алған заңгерлердің қоғам үшін маңызы зор. Мұны «Медиация туралы» Қазақстан Республикасы Заңының қолданысқа енгеніне 10 жылдық мерекесі қарсаңында өткен іс-шараның мазмұнынан ұғына түстік.

Аудан әкімінің мәжіліс залында аудандық сот өкілдері, сала басшылары және заңгерлер бас қосып, бүгінгі медиацияның тынысын сөз етті. Аудан орталығында ашылған «Татуласу» орталығы көптеген істің заң аясында шешілуіне ықпал етуде. Ажырасуға келген отбасыларды табыстырып, ағайын арасындағы бітімгершілікті орнатуда. Осындай жауапты іске белсенді араласып жүрген тұлғалар өз пікірін жеткізді. Аудандық соттың төрайымы Әлия Бердібекқызы ұйытқы болған шарада кәсіби медиацияның маңызы мен оның халық арасында тиімділігін арттыру жайында жоспарын таныстырды.
Басқосуда аудан әкімінің міндетін атқарушы Сұлтанбеков Ердулла Нұртазаұлы аудандағы медиаторлардың пікірін тыңдап, кәсіби мерекелерімен құттықтады.
– Халық арасында туындаған дау-дамайларды соттан тыс реттеудің төте жолы — медиация. Бұл екі тараптың да құқығын теңдей қорғайтын, екі тарапқа да тиімділікті ұсынатын құқықтық жүйе. Осынау жауапты іске белсене араласып, қоғамның дамуына күш салып отырған бір топ азаматтарға аудан әкімінің ыстық ықыласын жеткізгім келеді, – деді.
Мерекелік кештің соңында аудандық сотының судьясы Исағали Тұңғышбаевқа, Эльдар Рысқұловқа, кәсіби медиатор Ақылбек Жәнібековке, Ерғали Оразғалиевке, Оразәлі Жамалхановқа, Бұғыбай Әлиевке, Анарбек Баймұратовты, Қалия Байтелееваға, Орынкүл Тоймырзақызына аудан әкімінің «Алғыс хаты» табысталды.
Мақпал МАРҚАБАЙ
08 тамыз 2021 ж. 544 0