Соңғы жаңалықтар

АДАМ ДОСЫМЕН МЫҚТЫ

03 қыркүйек 2026 ж. 534

№67 (8981) 5

05 қыркүйек 2026 ж.

№66 (8980) 1

01 қыркүйек 2026 ж.

№65 (8979) 29

29 тамыз 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930 
» » Инфекционист дәрігер: Осылай жалғаса берсе, бір күнде бір ауданды жоғалтамыз

Инфекционист дәрігер: Осылай жалғаса берсе, бір күнде бір ауданды жоғалтамыз


Дәрігерлер вакцина індеттен 100% қорғамаса да, ауыр халге түсуден сақтайды дейді. Мамандардың айтуынша, қауіпті дерттің құрығына ілінгендер – екпе алмағандар деп хабарлады Sputnik Қазақстан.

"Бүгінгі статистиканы қарасаңыз, Қазақстанда коронавирус инфекциясы белгілері бар пневмония мен коронавирустан 149 адам қайтыс болды. Барлық науқас вакцина алмаған. Бұл дегеніміз тұтас 5 қабатты үйдің тұрғындары қайтыс болды деген сөз. Егер күнде қайтыс болғандар саны осылай өсе берсе, бір күнде бір ауылды, ауданды жоғалтамыз. Ол біреудің ата-анасы, біреудің баласы", – дейді инфекционист дәрігер Сәуле Атығаева. Ал америкалық денсаулық сақтау қауымдастығының мүшесі Алмаз Шарман вакцинаның бала сүюге теріс әсері жоқ екенін мәлімдеді. "Бүгінгі таңда әлемде 4 миллиард түрлі доза вакцина салынған. Вакцинаның құр өзі СOVID-19-ды тудырмайтыны анық. Вакцина репродуктивті жүйенің қызметін бұзбайды. Сондай-ақ жаңа туған сәбиде түрлі ауру тудырмайды", – дейді Алмаз Шарман. ТАҒЫ ДА ОҚЫҢЫЗДАР Бедеулік, шала туу: COVID-19 салдарынан денсаулыққа қандай зиян келуі мүмкін Сондықтан мамандар халықтың 80 пайызы вакциналанбайынша карантинді жеңілдетпеу керек деп санайды. Ұжымдық иммунитет қалыптаспаса, үнемі жаңа толқындармен, жаңа індеттермен күресуге тура келетінін айтады. Еске сала кетейік, елімізде өткен тәулікте коронавирус жұқтырған тағы 7792 адам тіркелген. Осылайша, қазіргі уақытта Қазақстанда COVID-19 инфекциясы анықталғандар саны 610 744-ке жетіп отыр.
05 тамыз 2021 ж. 881 0