№93 (8804) 23

23 қараша 2024 ж.

№92 (8803) 19

19 қараша 2024 ж.

№91 (8802) 16

16 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
» » Аудан қазынасынан жол жөндеуге 687 млн теңге бөлінді

Аудан қазынасынан жол жөндеуге 687 млн теңге бөлінді


«Ауыл – ел бесігі», «Жұмыспен қамтудың жол картасы» бағдарламасының шарапатымен ауданның өңі кірді. Жол жөндеу жұмыстары қарқынды түрде жүргізіліп, көшелер салынуда. Бұл өз кезегінде тұрғындардың алысын жақындатып, көңілін жайлатып тастағандай...


Бұл жайында аудан әкімі Руслан Рүстемов: – Жол жауапты жұмыстың бірі. Бұл – өркениеттің де белгісі, халық қажеттілігінің де бір көзі. Қазір 60,4 шақырым құрайтын автомобиль жолдарын орташа жөндеуге барлық деңгейдегі бюджеттен 1 млрд 217,6 млн теңге бөлінді.
Әсіресе аудандық бюджеттен 43 көшені жөндеуге 687,8 млн теңге бөлініп отыр. Аудан тарихында өз бюджетімізден мұндай мол қаржы бөлінген емес, бұл рекордтық көрсеткіш. Бұл Тәуелсіздіктің 30 жылдық мерекесіне тарту деп білеміз.
Облыстық маңыздағы 6 шақырым, аудандық маңыздағы 4 шақырым жолды және 21 ауылдық округ пен кенттерден 50,4 шақырымды құрайтын 57 көшеге орташа жөндеу жүргізілуде. Нәтижесінде биыл аудандық маңызы бар жолдардың қанағаттанарлық деңгейі 84-тен 87 пайызға, елді мекендердегі көшелердің қанағаттанарлық деңгейі 39,1-ден 51 пайызға өседі.
Сонымен қатар аудандық бюджет есебінен 4 елді мекендегі 34 көшеге тас төсеуге 126,8 млн теңге қаралған. Тиісті жұмыстар атқарылды, – деді әлеуметтік желідегі парақшасында.
Бәрекелді! Бұл бастамаға қуанамыз. Бірақ, қаржы бөлінді, оны игеру жағы қалай болады. Бұған аудан әкімі аппарат мәжілісінде жауап алдық.
– Биыл бекітілген бюджетте де, кейінгі нақтылау барысында да елді мекендердегі көше жолдарын орташа жөндеуге мол қаржы бөлінді. Кейінгі нақтылауды қоспағанның өзінде бірінші жартыжылдықта 615 млн. теңге қаржы бөлінген, одан 469,0 млн. теңгеге шарт жасалды. Бірақ 1 шілдеге қаржының игерілуі 22,4 пайыз ғана. Бюджет қаражатын тиімді жоспарлау, сапалы игеру атқарушы билікке деген халықтың оң көзқарасын қалыптастырады. Қанша жылдан бері қайта-қайта мәселе ретінде көтеріліп жүрген мәселелерді шештік деп отырмыз. Алайда жұмыс кешіктірілуде. Халық қаржы бөлінгендігінен хабардар болған соң, ол жұмыстың тез біткенін қалайды. Әлеуметтік желінің белсенділерінің осы турасындағы ойларын оңай табуға болады. Өйткені кент тұрғындары менің жазған посттарыма өз пікірлерін жазып жатады. «Біз жасап жатырмыз» деп айтамыз. Бірақ тұрғындар басталған жоқтығын уәж етеді. Міне, бұл сұрақтардың жауабы осы!
Біз қаржыны береміз, бірақ мемлекеттік сатып алу конкурсын ұйымдастыру және қаржының мерзімінде игерілуін қадағалау жағы тым әлсіз. Неліктен? Себебі біреу: Мемлекеттік сатып алу мен қаржы бөлімінің өзара байланысы жоқ, жұмысы үйлесімсіз, – деді Руслан Рүстемұлы.
2021 жылы 21 кент және ауылдық округтің 50,4 шақырым құрайтын 57 көшесін орташа жөндеуге республикалық, облыстық, аудандық бюджеттен қаржы қаралды.
Мұның шарапатын ауыл халқы көре бастады. Атап айтқанда, Төменарық ауылдық округінің 6,49 шақырым құрайтын Д.Нұрпейсова, Алтыбаев, Пашаев, Елтай 2, Р.Құдай­бергенов, М.Мақатаев, Ә.Мол­да­ғұлова, Б.Момышұлы яғни 8 көшесі, Жаманбай батыр ауылдық окру­гінің 2,6 км құрайтын С.Танхиев, Б.Шалғынбаев көшесі жөнделеді деп күтіп отыр. Біз ауыл тұрғыны Ләззат Алтаеваны әңгімеге тартқанымызда:
– Жол ауылдың ажары ғой. Көлікке де, жаяу жүргіншіге ыңғайлы болып қалды. Енді осы жолдардың сапасы алаңдатады. Ұзақ жылдар халыққа қалтқысыз қызмет етсе деген тілектеміз, – деді.
Облыстық бюджеттен Қожакент ауылдық округінің 4,2 шақырым құрайтын 4 көшесі – А.Апетұлы, Ш.Уалиханов, Ж.Әбдікерімұлы, Бела­рық көшесіне және Манап ауылдық округінің 2,3 шақырым құрайтын А.Жолдасбеков, Б.Қосаев көшесіне қаржы қаралып, жолға асфальт төселді.
Көшелердің жөндеу көргенінен қуанған ауыл ақсақалы Мұхтар Бұрханов: – Шүкір, ауылға деген қамқорлық жыл сайын артып келеді. Биыл көшелеріміз жөндеу көріп халық қуанып жатыр. Осындай мәселелерді назардан тыс қалдырмай жоғары жаққа жеткізіп жүрген ауылдың атқамінерлеріне, аудан басшылығына ризамыз, – деді.
Жөнделуге тиісті көшелерден кенттен Ж.Тағаев, З.Мұсаханов, Құрманғазы, О.Қашқынов, Е.Белсен­баев, А.Абуталипов көшесі жұмысы аяқталса, Кейден ауылдық округінің Түркеш көшесі, М.Нәлібаев ауылдық округінің А.Иманов көшесі, Талап ауылдық округі Темір жол көшесі, Сунақата ауылдық округі Ю.Гагарин көшесі, Байкенже ауылдық округі С.Алдабергенұлы көшесі, Байкенже ауылдық округі Орал Палуан көшесі Жаңарық ауылдық округі Ү.Әбенов көшесі, Қаратөбе ауылдық округі С.Сейфуллин көшесі, Сүттіқұдық ауылдық округі Ш.Торғаев көшесіне асфальт төселуі тиіс.
Дәл қазіргі таңда кенттің Қ.Сағырбаев пен Ы.Алтынсарин көшесі, Бесарық ауылдық округі Ж.Қыдыров көшесі, Көктөбе ауылдық округінде Бейбітшілік көшесі, Аққорған ауылдық округ Түгіскен көшесіне жөндеу жұмысы жүргізілуде.
Алда жұмысы басталуға тиісті Қандөз ауылдық округі А.Абсеметов көшесі, Келінтөбе ауылдық округінде Ш.Дүйсебеков көшесі, Өзгент ауылдық округі М.Әуезов көшесі, Шалқия кентінде Абылайхан көшесі, Қожамберді ауылдық округі Шадиков пен Көкенов көшесі, Қожакент ауылдық округі Е.Үсенов көшесі, Манап ауылдық округі А.Жолдасбеков көшесі, Манап ауылдық округі Б.Қосаев көшесі тұр.
Мемлекеттік сатып алу жұмыстары Жаңақорған кентінде А.Сүлейменов, Т.Шалапов, А.Еламанов, Ипподром 26/2, Ипподром 24, С.Құрымбеков, Д.Романов, А.Исаев, С.Сапарбаев, Коңқабаев, Өркендеу, Ы.Скендиров, М.Есболғанов, Жібек жолы, Талап ауылдық округі Бесарық көшесі, Қыркеңсе ауылдық округі Шахслам көшесіне жүргізілуде.
– Биыл ауылда ауыз толтырып айтатын көптеген іс-шара жүзеге асырылуда. Жұмыстың бір¬шама сапалы атқарылғандығы көзге көрініп тұр. Көптен күрделі жөндеу көрмей келген ауыл көшелерінің өмір сапасына айтарлықтай мазмұн дарытып тұр.
Бұрын ауыл тұрғындары тарапынан шағым жиі айтылатын. Мақсатты жұмыстар іске асырылып мемлекеттік бағдарламалардың нәтижесі мол.
Аудан орталығындағы ахуал осылайша көп-көрім жақсарып, ауылдардың да өңі кіріп қалғандығын екпін түсіріп айта кеткен жөн.
Міне, осылайша, туған елдің төсі мемлекет қамқорлығымен қайта түлеп, айрықша әдемі кейіпке ие болып, гүлдене түсуде.

Айгерім МЫРЗАХМЕТОВА

04 тамыз 2021 ж. 378 0