№11 (8925) 10

10 ақпан 2026 ж.

№10 (8924) 7

07 ақпан 2026 ж.

№9 (8923) 3

03 ақпан 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Ақпан 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
232425262728 
» » Оқушылар бірінші тоқсанда қашықтан білім ала ма?

Оқушылар бірінші тоқсанда қашықтан білім ала ма?

ҚР Білім және ғылым министрлігі «Білім министрі мәлімдеуінше, оқушылар бірінші тоқсанда қашықтан білім алады», деген ақпаратты жоққа шығарды. Бұл туралы министрліктің Telegram каналында хабарланды.

«Әлеуметтік желілерде қазақстандықтар жаңа оқу жылының бірінші тоқсанында қашықтан білім алады екен, бұл туралы Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов брифингте мәлімдеді» деген жалған ақпарат тарап жатыр. ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов брифингтерде мұндай мәлімдеме жасаған жоқ. Оқыту форматы туралы шешімді коронавирус инфекциясының таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия, елдің бас мемлекеттік санитарлық дәрігері және өңірлердің бас санитарлық дәрігерлері қабылдайды», делінген хабарламада.
02 тамыз 2021 ж. 824 0