№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Білім министрі Аймағамбетов сүйінші жаңалығын бөлісті

Білім министрі Аймағамбетов сүйінші жаңалығын бөлісті


Бірінші сынып оқушылары оқу жылының бастапқы екі тоқсанында "Әліппенің" бағдарламасын оқыса, қалған екі тоқсанда "Ана тілі" пәнін оқиды


Қазақстандық бүлдіршіндер 2021 оқу жылынан бастап "Сауат ашу" пәнінің орнына "Әліппе" оқиды. Бұл туралы білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов хабарлады.
Министр жуырда мемлекеттік жалпыға міндетті стандартқа өзгерістер енгізіліп, әділет министрлігінде тіркеуден өткенін жеткізді, деп жазады zhanaqorgan-tynysy.kz интернет газеті sputniknews.kz сайтына сілтеме жасап.
"Ондағы маңызды жаңалықтардың бірі – келесі 2021 оқу жылында бірінші сынып оқушылары "Сауат ашу" пәнінің орнына "Әліппе" мен "Ана тілін" оқиды. Бірінші сынып оқушылары оқу жылының бастапқы екі тоқсанында "Әліппенің" бағдарламасын оқыса, қалған екі тоқсанда "Ана тілі" пәнін оқиды", - деп жазды Аймағамбетов желідегі парақшасында.
Орыс тілінде немесе басқа тілдерде білім алатын сыныптарда "Букварь" мен "Обучение грамоте" пәндері оқытылады.
Ол "Әліппе" Ахмет Байтұрсынұлының әдістемесі негізінде дайындалғанын атап өтті.
"Қазіргі кезде оқулықтарды әзірлеу бойынша үлкен жұмыс жүргізіліп жатыр. Бірыңғай бағдарлама жасаумен айналысатын жұмыс тобын құрдық", - деді министр.
Топ құрамында мықты тіл мамандары, әдіскерлер, бастауыш сынып мұғалімдері мен бұған дейін оқытылған "Әліппе" оқулықтарының авторлары бар.
Бағдарламалар мен оқулықтар дайын болғаннан кейін, министрлік оларды пилоттық мектептерде сынақтан өткізуді жоспарлап отыр. Кейін басқа мектептерге жіберілетін болады.
Аймағамбетов бұл мәселені өз бақылауына алғанын айтты.

21 шілде 2020 ж. 815 0