№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » 10 тамызға дейін вакцина алу – міндет

10 тамызға дейін вакцина алу – міндет


Соңғы мәліметтерге сүйенсек, жаһан жұртының 188 миллион тұрғыны коронавирус жұқтырды. Оның 4 миллионнан астамы қайтыс болды. Әлем алпауыты – АҚШ-тың өзі вирусқа қауһарсыз болып шықты. Ресми Вашинктонның 33 миллионнан астам азаматы вирус жұқтырғанын растап отыр. Үндістан, Бразилия мен Ресейде эпидемиологиялық ахуал күрделене түсті. Мәселен, Үндістанда бір тәулікте – 21 мың адамнан вирустың белгілері анықталса, Бразилияда – 57 мың, Ресейде – 25 мыңға жетті. Ұжымдық иммунитет қалыптастыруға мән берген Израилде – 352 адамға жұқты. Ал, Қазақстанда бір тәулікте 5314 адамға вирус жұқты. Әлемдегі және елдегі ахуалды терең зерделеген Президент Қасым-Жомарт Тоқаев вирусқа қарсы күрестің тиімділігін арттыруды тапсырды. Елдің бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Ерлан Қиясов карантиндік шараларды күшейту туралы жаңа қаулы қабылдады.


Яғни қоғамдық орындар мен қызмет көрсету орталықтарында жұмыс істейтіндер екпенің бірінші компонентін 10 тамызға дейін салдыруы керек. Одан кейін тексеру жүргізіліп, ұжымда вакцина салдырмаған қызметкері бар кәсіпорын жауапқа тартылуы мүмкін. Ал екпенің екінші компонентін алу 1 қыркүйекке дейін ұйымдастырылуы тиіс. Тағы бір өзгеріс жұмыс беруші коронавирусқа қарсы екпе алмаған қызметкерлерді жұмысқа кіргізбеуге құқылы. Бұл талап тек соңғы үш айда індетпен ауырып шыққандар мен медициналық қарсы көрсетілімі барларға қатысты емес. Сонымен қатар енді елге ұшып келген қазақстандықтар сынама тапсыру үшін үш күнге оқшауланады. Шеттен вирус жұқтырып келгендер инфекциялық стационарға жатқызылады.
Қаулыға сәйкес, қызметкерлер тек вакцина алған жағдайда ғана штаттық режимде жұмысқа шығаратын мекемелердің тізімі мынадай:
1. Қызмет көрсету обьектілері:
– Халыққа қызмет көрсету орталықтары (ХҚКО), «Қазпошта» АҚ бөлімшелері, екінші деңгейдегі банктер, қаржы нарығының объектілері, сақтандыру компаниялары, жылжымайтын мүлік жөніндегі агенттіктер, жарнама агенттіктері, айырбастау пунктері, ломбардтар, сұлулық салондары, шаштараздар, химиялық тазалау орындары, кір жуу орындары, фитнес, спорт кешендері, спорттық-сауықтыру орталықтары, массаж салондары, моншалар, сауналар, бассейндер, жағажайлар, типографиялық көрсетілетін қызметтер, тігін ательесі, фотосалондар, аяқ киім шеберханалары, гүл дүкендерінің, аяқ киім, киім жөндеу, ұйымдастыру техникасын жөндеу жөніндегі сервис, нотариус, бухгалтер және консалтинг, маникюр және педикюр, косметологиялық қызметтерді көрсету жөніндегі объектілер, өзге де объектілер.
2. Сауда обьектілері:
– Сауда үйлері, сауда желілері, сауда-ойын-сауық орталықтары, дүкендер, шағын маркеттер, супермаркеттер, гипермаркеттер.
3. Мәдениет және демалыс объектілері:
– Музейлер, музей-қорықтар, кітапханалар, концерттік ұйымдар, филармониялар, театрлар, кинотеатрлар, концерт залдары, клубтар, галереялар, көрмелер, цирктер және басқа да мәдени-демалыс ұйымдары.
4. Қонақүй қызметі:
– Қонақ үйлер, отельдер, хостелдер, мотельдер, жатақханалар, кемпингтер және тағы басқалар.
5. Жолаушылар тасымалы:
– Әуежайлар, теміржол, автомобиль және су вокзалдары, өзен және теңіз порттары, автостанциялар/автоөтпе жолдары, жолаушыларға қызмет көрсету пунктері.
6. Білім беру және тәрбиелеу ұйымдары:
– Мектептер мен балабақшалар, ересектер мен балаларға арналған оқу-өндірістік комбинаттары, басқа да мектептен тыс ұйымдар.
7. Санаторий-курорттық және сауықтыру мақсатындағы объектілер:
– Санаторилер, демалыс үйлері, туристік базалар және басқалар.
8. Қоғамдық тамақтану объектілері, оның ішінде ұйымдасқан ұжымдарда орналасқан, сондай-ақ тамақ жеткізуді жүзеге асыратын объектілер, стрит-фудтар.
9. Барлық үлгідегі медициналық-әлеуметтік объектілер: қарттар, мүгедектер үйлері, сәбилер үйлері және басқалары.
10. Денсаулық сақтау ұйымдары: оның ішінде зертханалар, дәріхана ұйымдары.
11. Тіршілікті қамтамасыз ету және коммуналдық шаруашылық объектілері:
– Сумен жабдықтау, жылумен жабдықтау, электрмен жабдықтау, аумақтарды жинау және қалдықтарды шығару, үй-жайлар мен аумақтарды дезинфекциялық өңдеу ұйымдары, авариялық-құтқару қызметтері, пәтер иелері кооперативтері және мүлік иелерінің бірлестіктері.
12. Экскурсиялық қызмет көрсететін ұйымдар:
– Демалыс объектілерінің, ойын-сауық ойын объектілерінің (компьютерлік клубтар, бильярд залдары, боулингтер, ойын-сауық орталықтары, аттракциондар, аква­парктер, караоке, лотерея клубтары және лотерея билеттерін сату жөніндегі өзге де пункттер және басқалар.
13. Байланыс және телеком­муникация объектілері.
Сонымен қатар, отандастарымыздың шетелде алған вакцинасы жарамды болып есептеледі. Ол үшін коронавирусқа қарсы вакцинаны басқа елде салғызған қазақстандық өз емханасына вакциналау туралы құжаттарды көрсетуге тиіс. Емхана мамандары оны базаға енгізеді. Осыдан кейін ол да Қазақстанда вакцина алған отандастарына жасалатын жеңілдіктерге ие болады.
Бірқатар өңірде теміржол вокзалы Ashyq жобасына қосылады. Яғни вирус жұқтырған жолаушылар ғимаратқа кіргізілмейді. Ashyq жобасы Ақтөбе, Атырау, Бейнеу, Көкшетау, Қостанай, Қызылорда, Маңғыстау, Орал, Павлодар, Семей, Тараз, Түркістан, Шымкент және Шу теміржол вокзалына енгізіледі. Жолаушы вокзалға кірер алдында QR-кодты Ashyq мобильді қосымшасы немесе Kaspi.kz, Homebank, Aity қосымшасы арқылы сканерлеу қажет. Қосымша немесе смартфон болмаған жағдайда, есіктегі қызметкерге ЖСН-ді көрсетуге болады.
«Жасыл» немесе «көк» статус шықса, ғимаратқа кіруге рұқсат етіледі. «Қызыл» немесе «сары» түс шықса вокзалға жіберілмейді. Шетелдіктердің статусы төлқұжат нөмірі бойынша тексеріледі. Ал, 18 жасқа дейінгі балалар тексерістен өтпейді.
Жыл басынан ауданда 167 мониторингтік топ рейдтік тексеріспен 10003 нысанды қамтыды. Нәтижесінде 335 карантин талабын бұзушылық анықталды. Оның ішінде, халыққа қызмет көрсету нысандарындағы бұзушылық саны – 158, үй жағдайында ұйымдастырылған мерекелік-көпшілік іс-шаралар саны – 125, ұйымдасқан ұжымдарда – 52 карантин талаптарын бұзушылық анықталды.
Біздің ауданымызда да «Ashyq» жобасы енгізілуде, соңғы мәліметтерге қарағанда онға жуық нысан осы жоба арқылы жұмыс жасауда. Бұл жөнінде аудандық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқарма басшысының уақытша міндетін атқарушы Шынар Айдаровадан сұрап білдік.
– «COVID-19» бөлек, дельта штаммы белгісі елімізге келіп үлгерді. Вирустың бұл түрі аса қауіпті. Бұл жөнінде газеттің №55 (8456) нөмірінде жазылды.
Вирусты құрықтаудың жолы – вакциналауды белсенді жүргізуде. Мұны дәрігерлер мақұлдап отыр.

Әсел РЗАЕВА
17 шілде 2021 ж. 401 0