№30 (8741) 16

16 сәуір 2024 ж.

№29 (8740) 13

13 сәуір 2024 ж.

№28 (8739) 9

09 сәуір 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930 
» » Қуаңшылық: Қазалыда шөп орудан жарыс өтті

Қуаңшылық: Қазалыда шөп орудан жарыс өтті


Kyzylorda-news.kz.
 Қазалы ауданында шөп орудан жарыс өтті. Жастарды еңбекке баулу, қуаңшылыққа байланысты тұрмысы төмен отбасыларды шөппен қамтамасыз ету мақсатында ұйымдастырылған сайысқа қала, кент және ауылдық округтерден 40-тан астам жас қатысты.
Жарысқа қатысушылар таңертеңнен бастап Қарашеңгел ауылдық округіндегі «Жалаңтөс батыр» ЖШС-ның күріш алқабында белгіленген жерден шөп орды. Шөп оруға келген жастарға аудан әкімі Мұхтар Оразбаев арнайы келіп, арымасын айтты. Қысылтаяң уақытта осылайша жұмыла көтерген жүк жеңіл болатынын жеткізді.
Жарыстың қорытындысы бойынша 93 бау шөп орған Жалаңтөс батыр ауылының тұрғыны Ақтілек Бекболат І орынды жеңіп алды. Екінші, үшінші орындарды түктібаевтық Әли Еркебұлан мен Қазалы қаласының атынан қатысқан Рауан Аленов өзара бөлісті.
Ал, Қазыбек Ерсұлтан «Шалымды орақшы», Талант Нұрадин «Епті орақшы», Жеңіс Жолдасбаев «Белсенді орақшы», Талап Мурзалиев «Ұқыпты орақшы» номинацияларымен марапатталды.
Жарыстың жеңімпаздары мен жүлдегерлерін аудан әкімінің орынбасары Күнтілес Назымбеков құттықтап, бағалы сыйлықтармен марапаттады. Номинация иегерлеріне де бағалы сыйлықтар тапсырылды.
Айта кетейік, жарысқа қатысушылардың барлығы 1553 бау пішен орды. Бұл шөп ұйымдастырушылардың шешімімен аз қамтамасыз етілген, асыраушысынан айырылған отбасыларға берілетін болып келісілді.
15 шілде 2021 ж. 280 0