«Әкімдердің

25 қараша 2024 ж.

№93 (8804) 23

23 қараша 2024 ж.

№92 (8803) 19

19 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
» » Жеке клиника: медицина қызметі дамуына дара жол

Жеке клиника: медицина қызметі дамуына дара жол


Бұрын-соңды дерті дендегендер Түр­кістан мен Қызылорда қалаларындағы жеке емханаларға ағылып, ем іздейтін. Оған себеп сапалы медициналық қызмет көрсететін орталықтың болмауы еді. Енді аудан орталығында жеке клиникалар ашылып, сабылған жұрттың саябырсуына себеп болғалы тұр. Маусым айының алғашқы күнінде ресми ашылу салтанаты өткен «Әйгерім» клиникасында қандай мамандар қызмет етеді? Бір күндік емдеу ісі қанша теңгеге бағаланады? Жеңілдіктер бар ма? Осыны білмекке асықтық.
–Клиника ашудағы басты мақсатымыз – халықтың сұранысын қанағаттандырып, аудандағы медициналық қызметтің дамуына өз үлесімізді қоссақ, көпшіліктің дертіне дауа тапсақ деген ойымыз бар. Ашылғанымызға бір апта ғана өтсе де, түрлі диогноздағы науқастар келіп, ем алуда, – дейді емхана меңгерушісі Балжан Ильясова.
Шағын клиника күндізгі стационарлық емдеу және қайта оңалту қызметтері негізінде ашылған. Мұнда 20 клиникалық төсек, 10 күндізгі стационар орындық бар. Екі білікті дәрігер, бір медбике, бір массажист, бір тазалықшы қызмет етеді. Нақтырақ айтсақ, терапевт, реабилитолог, невропотолог, УДЗ дәрігері, дефектолог-логопед арнайы қабылдау жүргізеді.Заманауи сұранысқа сай, цифрлы технологиялық медициналық аппараттармен қамтылған клиниканың ұсынып отырған бағасы да қолжетімді. Дәрігер қабылдауы –2000 теңге болса, бір күндік ем-шара 6000 теңге, бір аптаға 35 000 теңге, он күнге 50 000 теңге көлемінде есептелген. Білікті дәрігер Балжан Ильясова клиниканың болашақтағы жоспарымен бөліскенде, елімізде жеке емханалардың жаңа жүйеге көшетінін айтты. Мемлекеттік тапсырыстар аясында жеке клиниканың мүмкіндігіне сай, тарифтік жүйемен жұмыс жасай бастайды. Осы кезде, мемлекеттік емханалармен бәсекеге түсе отырып, әр адамға қызмет көрсеткеніне сай, қаржыландыратын болады. Міне, сол уақытта тұрғындар жеке клиникаларда тегін ем алатын болады.
Айтпақшы, мұндай клиника ашам деген ниетті азаматтар қалай несие алуға болады? Бұл туралы аудандық кәсіпкерлік, өнеркәсіп және туризм бөлімінің басшысы Қаржыбек Бүркітбаев түсіндіріп берді.
–Ауданда жеке емхана ашамын дегендерге мемлекеттік қолдау бар. «Бизнестің жол картасы 2025» мемлекеттік бағдарламасы аясында ұсынылған құжатқа сай несие беріледі. Оған қоса өңірлік инвестициялық орталықтың ұсынған несиесін де кәдеге жаратуға болады, – деді.
«Әйгерім» клиникасы «Бизнестің жол картасы 2025» мемлекеттік бағдарламасы бойынша 15 млн. теңге қаражатты несиеге алды. Осы жылға өңірлік инвестициялық орталықтан 10 млн. теңге қаржы көзін алуды жоспарлауда.
ТҮЙІН. Расында, жеке клиниканың ашылуы – медициналық қызмет сапасының жаңа деңгейге көтерілуінің көрінісі. Дамудың даңғыл жолын таңдауға жүрексінбей, алғашқы бизнес-дәрігер атанған жерлестерге сәттілік серік болсын деген риясыз тілегіміз бар.

Мақпал МАРҚАБАЙ
15 маусым 2021 ж. 496 0