МӘМС есебінен оңалту

Осыдан алты жыл бұрын қызылордалық Нина Бекееваға Паркинсон ауруы диагнозы қойылды. Өздеріңіз білетіндей, бұл ауру өршіп, іс жүзінде емделмейді. Оның ағымын тек баяулатуға болады. Ол бірнеше рет күндізгі стационарда медициналық көмектерін және облыстағы «Q-med» жеке медициналық орталықта екі рет қалпына келтіру емін алды.


Айта кетейік, «Q-med» клиникасында тек Қызылорда облысының ғана емес, басқа да өңірлердің тұрғындары оңалтудан өтеді. Басты шарт- қолыңызда міндетті түрде жергілікті емхана дәрігерінің жолдамасы болуы қажет.
2020 жылы аймақтың 17 медициналық ұйымы стационарлық жағдайда 1 709,3 млн теңге сомасына 8 741 оңалту қызметін көрсетілді.
Ал, 2021 жылғы қаңтар айында облыстың медициналық ұйымдары стационарлық жағдайда 127,6 млн теңге сомасына 632 оңалту қызметін көрсетті.
«Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ Қызылорда облысы бойынша
филиалдың халықты ақпараттандыру және өтініштерді қарау жөніндегі бөлімі