Тұрғын үйлерге интернет тарту
Интернеттің қоғам өмірінің айырылмас бір бөлшегі болғанына да біршама уақыт. Әлемдік эпидахуал кезеңінде интернетке сұраныс екі есе артты. Сұранысқа сәйкес сапаға да талап күшейді. Аудан әкімі Руслан Рүстемұлы Рүстемов Жаңақорған ауданына әкім болып келгеннен бастап негізгі мақсаттарының бірі аудандағы интернет сапасын жақсарту болды. Соған сәйкес, аудан әкімі «Қазақтелеком» АҚ-ның және «Транстелеком» АҚ-ның Жаңақорған аудандық филиалы басшыларын және байланыс саласындағы провайдерлерді қатыстыра отырып, интернет мәселесіне байланысты «Нұр Отан» партиясының саяси бюро отырысында ауқымды мәселе көтерген болатын.
Жиналыс қорытындысында тиісті провайдерлермен елді мекен тұрғындарын интернетпен толық қамту жөнінде келісімге қол жеткізілді.Содан бері біршама жұмыстар атқарылды. Атап айтар болсақ, «Транстелеком» АҚ бүгінгі күнге дейін Қандөз ауылдық округі және Еңбек ауылдарының тұрғындары үйлерін толық интернетпен қамтыды және келесі жұмыстарды Машбек Нәлібаев ауылдық округінде бастап жатыр. Ал, «Қазақтелеком» АҚ интернетке сұраныс өте жоғары Жаңақорған кентінің Май бекеті, Ипподром және Саяжай мөлтекауданы тұрғындары үйлеріне интернет жүргізуде. Бұл жұмыстар кезектілігімен жылдың соңына дейін барлық ауылдарда жалғасын табады. Осы жерде айта кеткен жөн, жоғары жылдамдықты талшықты оптика байланыс желісін тұрғын үйлерге тарту біздің ауданда ғана жүргізіліп отыр және біздің ауданның үлгісінде басқа аудандарда тұрғындар үйлеріне интернет тартуды қолға алуда.
Мобильді интернет
Жыл басында аудан әкімі Руслан Рүстемұлы мобильді интернет сапасына байланысты «Кселл» АҚ Қызылорда облысы бойынша филиалы басшысы Е.Тұрсынхожаевпен кездесіп, атқарар істің ауқымын болжап, жасар жұмыстың жоспарын бекітті. Сол кезеңнен бастап қазірге дейін «Кселл» АҚ-мен «Билайн» телеоператоры біздің ауданда біршама жобаларды іске асырды. Мәселен:
1. Көктөбе ауылдық округі. Көктөбе ауылдық округі тұрғындарына осы уақытқа дейін интернет түгілі, ұялы телефон арқылы біреуге хабарласу мұң болатын. Ауыл тұрғындары байланысты Қандөзге қарап, болмаса көрші Түркістан облысынан іздейтін. Көктөбеліктердің бұл мәселесі биылғы жылы өз шешімін тапты. Ауылға актив байланысының 3G базалық станциясы орнатылды. Қосымша мамыр айында «Билайн» телеоператорының 3G байланысы да іске қосылды. Байланыс қалыпты, интернет жоғары жылдамдықты.
2. Аққұм елді мекені. Кейден ауылдық округіне қарасты бұл шағын елді мекен тұрғындарының да мобильді интернет мәселесі биыл шешілді. Ауылға актив байланысының 3G базалық станциясы орнатылды. Қосымша мамыр айында «Билайн» телеоператорының 3G байланысы да іске қосылды.
3. Манап, Жаңарық, Сүттіқұдық. Бұл ауылдық округтерде осы уақытқа дейін актив телеоператорының базалық станциясы болғанымен, ауылда ұялы байланыс интернетінің сапасы нашар болатын, яғни 2G. Интернетке кіруге мүмкіндік болмады. Бұл ауылдық округтер бойынша провайдерлермен тиісінше жұмыстар жүргізіліп, 3 ауылға да активтің 3G-і іске қосылды. Қосымша Манап және Сүттіқұдық ауылдық округтеріне билайн телеоператорының 3G толқыны да орнатылды.
4. Жаманбай батыр, Келінтөбе, Шалхия, Талап, Байкенже ауылдық округтері. Бұл елді мекен тұрғындары байланыстан қиындық көрмегенімен, интернеттен кедергі көргені рас. Сол себепті, аудан әкімдігі тарапынан қажетті ұсыныстар енгізіліп, Жаманбай батыр, Келінтөбе, Шалхия, Талап ауылдық округтерінде «Билайн» телеоператорының жоғары жылдамдықты 4G, ал Байкенже ауылдық округінде билайнның 3G байланысы іске қосылды. 3G байланысы Байкенже ауылдық округінің Билібай елді мекенін де қамтыды.
Қазіргі таңда нақты жұмыстар жүргізіліп, қараша айына дейін байланыс сапасы көтерілетін ауылдық округтер бар. Олар:
1. Екпінді ауылдық округі және Талап елді мекені (Манап). Бұл елді елді мекендерге актив телеоператорының 3G базалық станциясы орнатылады. Қазіргі таңда жер құжаттары рәсімделуде.
2. Сунақата, Кейден, Жайылма, Қаратөбе ауылдық округтері. Аталған ауылдарға «Билайн» телеоператорының 3G байланысын іске қосу бағытындағы жұмыстар жүргізілуде. Тұрғындардың жоғары жылдамдықты интернет игілігін көретін күн алыс емес.
Аудан әкімі Руслан Рүстемұлы «Нұр Отан» партиясының саяси бюро отырысында интернет мәселесін көтерген кезеңде, аудан бойынша мобильді байланыс сапасы төмен 17 елді мекен болса, тыңғылықты жұмыс пен тынымсыз тірліктің арқасында қазіргі таңда сол 17 елді мекеннің 10 елді мекенінде мобильді байланыс мәселесі шешілсе, 6 елді мекен бойынша нақты жұмыстар жүргізілуде және тиісті жұмыстар қазан-қараша айларына дейін аяқталуы күтілуде .
Шешімін табу тиіс мәселелер де аз емес. Алда Жаңақорған кентінің Май бекеті, Ипподром, Саяжай мөлтекаудандарында және Қосүйеңкі ауылдық округінде мобильді байланыс сапасын жақсарту жұмыстары тұр. Жаңақорған кентінің өзінде актив, теле 2, билайн телеоператорларының 4G базалық станциясы болғанымен де, бұл базалық станциялар кенттің шетінде орналасқан шалғай мөлтекаудандардың тұрғындарын мобильді байланыспен қамтамасыз ете алмай отыр. Осы мөлтекаудандардағы байланыс сапасына «Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі телекоммуникациялар комитетінің Шымкент қаласы және Жамбыл, Түркістан, Қызылорда облыстары бойынша өңіраралық байланыс инспекциясы» РММ-і тарапынан тексеру жұмыстары жүргізіліп, провайдерлерге байланыс сапасын жақсартуға 6 ай мерзім берілді. Қосүйеңкі ауылдық округінде 3G базалық станциясы іске қосылған. Алайда, базалық станцияның ауыл шетінде орналасуы ауыл тұрғындарының 3G-ді пайдалануына үлкен кедергісін келтіріп отыр. Провайдерге базалық станцияны ауыл ортасына көшіру жөнінде тиісті ұсынымдар берілуде. Бұл мәселенің де шешілер күні алыс емес.