№94 (8805) 26

26 қараша 2024 ж.

«Әкімдердің

25 қараша 2024 ж.

№93 (8804) 23

23 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
» » Шалғай ауылдарға интернет қашан жетеді?

Шалғай ауылдарға интернет қашан жетеді?


Соғыс жылдары телефон байланысы мен теміржол желісі стратегиялық маңызды нысан болды. Бейбіт өмірде бұл екі саланың маңызы төмен деген жоқ. Енді бұл қатарға интернет қосылды. Расында интернеті жоқ ел – өркениет көшінен қалған ел. Дәл осы көрсеткіш бойынша мақтана алмаймыз. Бұл жөнінде талай реет жазылды, айтылды. Жауапты сала мамандарын шақырып, жиналыс өткізілді. Содан бері өзгеріс бар ма? Бұл жөнінде аудан әкімі аппаратының цифрлық технологияларды дамыту және мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің мониторингі бөлімінің басшысы Бейсенбеков Жасұлан Асанұлынан сұрадық.


– Қазір әлемде ақылды қалалар құрылуда. Олардың толыққанды жұмыс істеуінде, яғни сервистік қызмет түрлерін сапалы көрсетуде 4G қуаты жетпейді. Сол себепті Қытай, АҚШ сымсыз интертен тарататын 5G-ді сынақтан өткізуде. Жылдамдығы өте жоғары 5G-ге сұраныс артты. Жоғары жылдамдықты интернетке біздің аудан да сұраныс жоғары. Әсіресе шалғайдағы елді мекен тұрғындары ұсыныс-талаптарын жиі айтады. Осыған байланысты аудан әкімі Руслан Рүстемов «NurOtan» партиясы аудандық филиалының саяси кеңес отырысына «Қазақтелеком» АҚ және «Транстелеком» АҚ басшыларын шақырып, аудан тұрғындары үйлеріне интернет желісімен толық қамту мақсатында шұғыл түрде тиісті шаралар қабылдауды тапсырды. Содан бері провайдерлер тарапынан бірқатар жұмыстар жүргізілді. Алғашқы жұмыстар сәуір айында Қандөз ауылдық округінен бастау алды. Бүгінде Қандөз ауылдық округінде «Транстелеком» АҚ тарапынан 26 үйге интернет тартылды. Егер әлі де тұрғындар тарапынан өтініштер түсетін болса, тұрғындар үйлеріне интернет тарту жүргізіле беретін болады. Оған қосымша Еңбек ауылында да жұмыстар басталып кетті. Одан кейін Машбек ауылдық округіне бет бұрады. Негізгі жұмыстар әуелі Машбек Нәлібаев ауылында басталған болатын. Машбек Нәлібаев ауылында мачталық антеннаны ауылдың биік ғимараты мектептің үстіне орналастырды. Дегенмен ауылда талдың көптігі толқынның таралуына кері әсер етіп, тұрғындар үйлеріне сымды технология бойынша интернет тартуға тура келіп отыр. Қажетті жабдықтардың келуімен Машбек Нәлібаев ауылындағы жұмыстар өз жалғасын табатын болады. Бұл жерде негізгі мердігер «Транстелеком» АҚ , ал осы жұмыстарды атқарып жатқан қосалқы мердігер яғни инвестор, өзіміздің ауданның азаматы жеке кәсіпкер Садыбеков Марлен. Осы азамат сияқты ауданның қаржылық мүмкіншілігі бар азаматтарды тұрғын үйлерге интернет тартуға инвестор болуға шақырамыз. Бұл өз кезегінде өз ауданымызға жасаған еңбек, сонымен қатар инвестор қаржы сала отырып, уақыт өте келе пайда алады. Яғни, тиісті провайдермен келісімшартқа отырып, тартылған интернет іске қосылған сәттен пайданың бір бөлігін иеленеді.
– Байқауымша, сіз «Транс­телеком» АҚ жұмысын айтып отырсыз. Ал, «АКМ-INET» ЖШС жайлы не айтааласыз?
– Бұл «Қазақтелеком» АҚ қосалқы мердігер компаниясы. Оларда екі апта бұрын жұмысын бастады. Барлық қажетті құрылғыларын әкеліп қойды. Қазіргі таңда тек «Қазақтелеком» АҚ тарапынан толқынмен жұмыс істеуге рұқсат берілуі тиіс. Тиісті сала мамандары мен күнделікті хабарласып, қадағалап отырмыз. Алдағы аптаның ішінде құжаттары реттеліп, жұмыстары басталады деп жоспарлап отырмыз. Негізі, аудан бойынша жыл соңына дейін тұрғындардың үйлеріне интернет тартып бітіреміз деп жоспарлап отырмыз.
– Сөзіңіз аузыңызда шалғай жатқан ауылдардан бөлек, осы кенттің өзінде интернет қолжетімсіз. Мысалы, МАИ бекеті, Саяжай сынды аймақтарда интернет жоқтың қасы. Бұған недейсіз?
– Рас, ол мөлтек аудандардағы тұрғын үйлер интернет желісімен толық қамтылмай отыр. Жоғарыда атап өткендей, «АКМ-INET» ЖШС құжаттары реттелісімен, тұрғындарға интернет тартуды «Май бекеті» мөлтек ауданынан бастайды. Ары қарай кезектілігімен Ипподром және Саяжай мөлтек аудандарында тиісінше жұмыстар жүргізіледі.
– Интернет түгілі, ұялы телефон қондырғысы жоқ ауылдар да бар. Айталық, Көктөбе ауылдық округі. Ол жақтағы ағайын-туыспен сөйлесу бір ақырет...
– Иә, мобильді байланыс желісі болғанымен, интернет жылдамдығы төмен елді мекендер де баршылық. Мәселен, Байкенже, Билібай, Екпінді, Кейден, Қожамберді, Сүттіқұдық, Сунақата, Май бекеті, Саяжай, Ипподром мөлтекаудандары. Бұл елді мекендер жаңа мачталық-антенна құрылғысын қоюды немесе антенна жылдамдығын арттыруды қажет етеді. Бұл байланыс сапасы нашар елді мекендер бойынша «Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі комитетінің өңіралық байланыс инспекциясына» шағымдар түсіріліп, инспекция тарапынан Қыркеңсе ауылдық округінің байланыс сапасы тексеріліп, тиісті провайдерге инспекция тарапынан айыппұл салынып, байланыс сапасын реттеуге 3 ай мерзім берді. Сол сияқты сәуір айында инспекция тарапынан Май бекеті, Ипподром, Саяжай мөлтекаудандарының мобильді байланыс сапасы тексерілді және тексеру қорытындысымен провайдерлерге инспекция тиісті шаралар қолданатын болады.
Сонымен қатар, жақында аудан әкімі Р.Рүстемовтың шақыртуымен Кссел-дің АҚ Қызылорда облысы бойынша филиалының басшысы Ерлан Тұрсынхожаев арнайы келіп, аудан елді мекендерін аралады. Актив байланысы бойынша мәселесі бар елді мекендерді өз көзімен көріп, тиісті шараларды қабылдауға уәде етті.
– Тағы қандай өзгерістер бар?
– Әлбетте, көңіл қуантарлық жаңалықтар аз емес. Тұрғындардың үйіне интернет желісін тиісті жұмыстар бастау алып, өз нәтижесін көрсетіп жатса, мобильді интернет бойыншабиылғы жылы Көктөбе, Аққұм, Жаңарық, Манап ауылдық округтерінде актив телеоператорының 3G құрылғысы ,ал Бесарық, Шалхия, Талап, Келінтөбе ауылдық округтерінде билайн телеоператорының 4G құрылғысы іске қосылды.Актив телеоператорының 3G құрылғысы іске қосылған ауылдарда байланыс әлі тұрақты емес, яғни байланыс бірқалыпқа түскенше2-3 айдай уақытқа созылады. Ары қарай бәрі өз қалпына еніп, тұрғындар өтініші ескерусіз қалмайды. Тұрғындардың тарапынан мобильді байланыс сапасына кері әсер етіп оырған іс әрекеттер бар. Ол тұрғындардың үйлеріне байланыс күшейткіш репиторлардың қойылуы.Мәселен, Қаратөбе ауылында «Beeline» байланыс операторының базалық станциясы орналасқан. Оны пайдаланатын тұрғындар ұялы байланыс сигналын күшейту мақсатында ретранслятор орнатқан. Бұл құрылғы жеке тұрғындар тарапынан дербес орнатылғанымен байланыс сигналын блоктауға, қашықтан оқитын оқушылардың толықтай мәлімет ала алмауына және жедел қызмет түрлерін (101, 102, 103, 104) шақыруда едәуір қиындықтар туындатады. Біздің тұрғындардан аталған ретрансляторларды үйлеріне қоймауға шақырамыз. 20-30 шақты үйге қойылған ретранслятор бүкіл ауылдың мобильді байланыс сапасына кері әсерін тигізеді.

Әсел РЗАЕВА
07 мамыр 2021 ж. 539 0