Интернет мәселесі түбегейлі шешіледі

Осы жөнінде аудан әкімі Руслан Рүстемұлы Рүстемов бүгінгі баспасөз жиынында аудан тұрғындарын жағымды жаңалықтармен бөлісті. Өз сөзінде «Биылғы жылдың қыркүйек айына дейін «Қазақтелеком» АҚ 9 елді мекеннің, ал «Транстелеком» АҚ 10 елді мекен тұрғындарына талшықты оптикалық желісімен қамтамасыз ететін болады. Ал, қалған 16 елді мекеннің тұрғын үйлеріне интернет желісін жеткізу жұмыстары жыл аяғына дейін жалғасын табады.
Халық саны 250 - ден астам тұрғыны бар ауылдық елді мекендерді интернетке ұтқыр кеңжолақты қолжетімділікпен қамтамасыз ету жөніндегі жоспар - кестеге сәйкес Жаңақорған ауданы бойынша Көктөбе және Аққұм елді мекендеріне «Кселл» телеоператорының мачталық антенна құрылғысы орнатылып, Көктөбе елді мекенінде «Актив» байланысы іске қосылса, Аққұм елді мекені бойынша байланыс сәуір айының аяғына дейін қосылуы жоспарлануда. Сонымен қатар, биылғы жылы мобильді байланыс жылдамдығы төмен Манап және Жаңарық елді мекендеріне 3G (актив) байланыс құрылғысы және Шалхия, Бесарық бекеті, Келінтөбе, Бесарық ауылдарына 4G (билайн) құрылғысы орнатылып, қалыпты жұмыс жасауда. Ал, Қосүйеңкі елді мекені бойынша сәуір айының аяғына дейін 3G (актив) құрылғысы іске қосылатын болады. Сонымен қатар, елді мекендер бойынша мобильді байланыс желісі болғанымен, мобильді интернет жылдамдығы төмен елді мекендер де бар.
Жаңақорған ауданы әкімдігі